Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салықтан бастап жұмыс орындарына дейін: "Қазақмыс" 5 жыл ішінде Қазақстан экономикасына қалай үлес қосты

KPMG 2018-2022 жылдар аралығында “Қазақмыс” компаниялар тобының Қазақстан экономикасына қосқан толық үлесін бағалады. Кәсіпорынның осы жылдар ішінде мемлекет қазынасын қалай толықтырып, қанша адамды жұмыспен қамтамасыз еткеніне және өзі жұмыс істеп жатқан өңірлердің дамуына қандай пайдасын тигізгеніне шолу жасайық. 

Салықтар мен жалпы ішкі өнімге үлесі

Қазақмыс – еліміздегі ең ірі салық төлеушілердің бірі. Кәсіпорын көп жылдар бойы бюджетті ұдайы қомақты сомалармен толықтырушы ретінде рейтингте көш бастап тұр. Мәселен, 2018-2022 жылдар аралығында "Қазақмыс" компаниясының Қазақстандағы салық салымының үлесі 828 миллиард теңгені құраған. Ал 2022 жылы республика бойынша салықтың жалпы көрсеткіші 16,1 триллион теңгеге жеткен кезде белді мыс өндірушінің мұндағы үлесі 1,74 пайызды құрады. Яғни 280,6 миллиард теңге болған. "Қазақмыстың" ЖІӨ (жалпы ішкі өнім)-ге толық үлес қосу динамикасы мен ҚР-ның ЖІӨ-дегі үлесіне келетін болсақ, компанияның осы жылдардағы экономикаға қатысуы 1,5 триллион теңгеге бағаланған. Егер салыстырмалы түрде есептеп қарасақ, бұл ақшамен Қарағанды ​​облысын үш жыл бойы асырауға болады. 

Жұмыс орындары мен еңбек ақы

Жұмыс орындарының құрылуы кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында басты фактор болады. Дүниежүзілік банк баяндағандай, бұл кедейлік деңгейін азайтуға, қалалардың қалыпты жұмыс істеуіне, сондай-ақ жастар үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуына тікелей әсер етеді. Осы тұста компания еліміздегі тау-кен металлургия секторындағы негізгі жұмыс берушілердің бірі ретінде үлкен үлес қосуда.

Орта есеппен 2018-2022 жылдар аралығында Қазақмыс жыл сайын жанама түрде қосымша 88,9 мыңнан астам жұмыс орнын ұсыну арқылы ел экономикасына қолдау берген.

2022 жылы компания 39,9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып, қосымша 88,9 мың жұмыс орнын жанама түрде қолдады. Осылайша, Қазақмыстың жұмыспен қамтуға қосқан толық үлесі 2022 жылы республика бойынша 128,8 мың адамды құрады. 2022 жылы елімізде 6,9 миллион жұмысшы болғанын ескерсек, еліміздегі әрбір 53-ші жұмыс орны Қазақмыстың арқасында ашылғанын білдіреді.

2022 жылы "Қазақмыстың" ел халқының еңбек кірісіне қосқан тікелей үлесі 328 миллиард теңгені құрады. Бұл еліміздің еңбекақы қорының 2,4 пайызын құрайды. 2018-2022 жылдар аралығында компания өз қызметкерлеріне жалпы сомасы 2,3 триллион теңгеге жуық жалақы төлеген.

Әлеуметтік қолдау мен компания жұмыс істейтін аймақтар экономикасына үлесі

Жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақмыс өзінің кәсіпорындары орналасқан аумақтардағы адамдардың өмірін жақсартуға күш пен ресурстарды жұмсай отырып, өзін әлеуметтік жауапты компания ретінде көрсетті. Мыс алыбы білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қауіпсіздік салаларында әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қолдау көрсетті. Соның ішінде осы санаттағы өкілдерді тегін баспанамен де қамтамасыз етуде. 2018-2022 жылдар аралығында компания бұл мақсаттарға шамамен 115 миллиард теңге жұмсаған.

Алайда ең бастысы – халықты жұмыспен қамтуы.

2023 жылы компания Ұлытау облысының әкімдігімен құны 35 миллиард теңгені құрайтын 22 әлеуметтік жобаны және Қарағанды ​​облысының әкімдігімен 1 миллиард теңгеге 15 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жыл соңына дейін Ұлытау өңірінде 11 миллиард теңгеге жуық қаржы игерілді. Атап айтқанда бұл ақшаға компания 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аясында демонтаж жұмыстарын бастады. Жезқазғандағы металлургтер алаңын және Сәтбаевтағы Кеншілер даңқы алаңын қайта жаңғыртуды өз мойнына алды. Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы мен Жезқазғандағы №3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуде. Одан бөлек, Сәтбаев пен Жезқазған қалаларындағы төрт көпқабатты үйге лифт салып берді.

Сонымен қатар, "Қазақмыс" 280 орындық балабақша құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді өз жауапкершілігіне алды. Қазіргі көпсалалы спорт залы бар үш қабатты "CK-NAMYS" спорт кешені мен Жезқазған қаласындағы спорттық сауықтыру орталығын да кеңейтуді қолға алған. Серіктестік Ұлытау өңірінің инфрақұрылымын дамытудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеумен де айналысады. Барлық жобалық-сметалық құжаттаманың жалпы сомасы 1,4 млрд теңгені құрайды. Мұның барлығы кейіннен қала әкімдігіне тапсырылады.

Компания 2024 жылы Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы қоғамдық орындарды қайта құруды, Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеп, құрылыс жұмыстарын жүргізуді және Сәтбаев қаласындағы қалалық ауруханада жедел жәрдем бөлмесін салуды өз міндетіне алды.

Тек Қарағанды ​​облысында "Қазақмыстың" ЖӨӨ-ге (жалпы өңірлік өнім) қосқан толық үлесі және 2018-2021 жылдар аралығында өңірдің ЖӨӨ-дегі үлесі орташа есеппен 15,5%-ды құраған. Осы кезеңде компания облыста 141,7 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыса, тағы 325,6 мың жұмыс орны энергетика, көлік, машина жасау және т.б. салаларда қосымша қолдау тапты. Осылайша, осы кезеңде "Қазақмыстың" халықты жұмыспен қамтуға қосқан үлесі толықтай облыс бойынша 467,3 мың адамды құрады. Оның 34 мыңға жуығы Қарағанды ​​қаласында, 74,5 мыңы Жезқазған қаласында, 31 мыңға жуығы Балқаш қаласында.

2018-2022 жылдар аралығында "Қазақмыстың" Қарағанды ​​облысының бюджетіне салық аударымдары 562,1 миллиард теңгені, Ұлытау облысының бюджетіне тағы 130,9 миллиард теңгені құрады. Жалпы екі облыстың қазынасын толықтыратын салық көлемі 693 миллиард теңгеден асты.

Көріп отырғанымыздай, компания үшін соңғы бес жыл жемісті болды. Бұл түптеп келгенде өзі қызмет ететін өңірлердің экономикасына да, ұлттық экономикаға да оң әсерін тигізуде.

 

Талқылау