AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салық 20%-ға төмендейді: Елімізде келесі жылдан бастап шағын және микро кәсіп үшін салық жүктемесі азайтылады

Келесі жылдан бастап микро және шағын бизнес өкілдерінің салық жүктемесі азаяды. Яғни кәсіпкерлер бұрынғыдай сағаттап кезекте тұрып, әр салықты жеке-жеке төлемейді. Оның орнына кәсіпкерлердің салық жүктемесін 35 пайыздан 20 пайызға дейін төмендететін бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі. Бұл нақты табысын жасырып жүрген кішігірім бизнесмендердің заңды жұмыс істеуіне мүмкіндік береді дейді сарапшылар. Жаңа жүйе 1 қаңтардан бастап қолға алынбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

салық

Әлихан Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында микро және шағын бизнестің салық жүктемесін түсіруге мүмкіндік беретін бірыңғай төлем жүйесі енгізіледі деді. Яғни келесі жылдан бастап барлық салық төлемдері біріктіріледі. Ал мөлшерлемесі 20 пайыздан аспауы қажет. 

Шағын бизнес үшін тиімді жүйені Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының өкілдері ұсыныпты. Олардың айтуларынша, қазір еңбекақы қоры бес төлемді міндеттейді. Сондықтан кәсіпкерлердің салық жүктемесі көп. Бұл бірқатар қиындықтар туындатқан. 

“Қазір кәсіпкерлер жеке табыс салығын, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарнасын, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру жарналарын төлеп келді. Енді бәрі жеңілдетіліп отыр. Яғни олар пайыздық мөлшерлемесі аз бірыңғай төлем жасайды. Немесе бір реттік төлем. Уақытын да үнемдейді. Қосымша ресурс та жұмсамайды. Сол арқылы кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесі азаяды”, – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Темірлдан Мәдиев. 

Палата өкілдері көп кәсіпкерлер салықтан қашып, табысын жасырып, заңсыз жұмыс істеуге мәжбүр деп отыр. Ал бірыңғай төлем жүйесі салық жүктемесін 35 пайыздан 20 пайызға түсіреді. Бұл бизнесмендердің "көлеңкеден" шығуына мүмкіндік береді. Бірақ аталған жаңашылдықтың орта және ірі кәсіпке қатысы жоқ. Ал сарапшылар бірыңғай төлем кәсіпкерлер үшін тиімді екенін айтады. Алайда қорда қалған 15 пайызды қол астындағы қызметкерлеріне үлестіріп беруі екіталай екен. 

“Барлық кәсіпкерлер ол ақшаны еңбекақы қорына қайтарады дегенге сенім жоқ. Ол табыс ретінде қарап, тіпті ешқандай табысты өсірмеуі де мүмкін. Бірақ та енді бұл жерде сол кәсіпкерлердің өзінің ақ, адал сенім артпақшы деп ұйғарам”, – деді экономист Мақсат Халық.

Экономист кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесін азайту үшін қосылған құн салығын алып тастау қажет деді. Сөзінше, оның орнына бөлшек салықты енгізген абзалырақ. Әрі кішігірім бизнесмендер де салықты қуана-қуана төлейді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр