Salem social media атышулы “5:32” сериалы бойынша сот шешіміне қарсылық танытты
Salem social media компаниясы “5:32” веб-сериалының авторларына қатысты сот шешімімен келіспейтінін жазды. Компания енді аппелияциялық сотқа шағымданбақшы деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бул туралы компания Facebook-тегі парақшасында жазды. Онда төрешінің ауысуына және жаңа құрамда екі-ақ сот отырысының өтуіне байланысты дау толық қаралмаған деп есптейтіні көрсетілген. Тіпті жаңа төреші бұл кезеңде кітаппен де, сериалмен де толық танысып үлгермеген шығар. Өйткені сот өзі бастамашылық еткен 3 сараптаманың бірде-біреуін есепке алмаған, дейді компания жазбасында.
“Барлық сараптама авторлық құқықты бұзу фактісінің жоқтығын растады және соңында мынадай қорытынды жасады: "анықталған деректер жай ғана сәйкестік, сондай-ақ салыстырылатын объектілердегі жағдайлардың жеке ұқсастықтары шын мәнінде А. Джалдиновтың кітабында сипатталған оқиғалар басқа дереккөздердегідей". Бұдан шығатыны, тарихи жағдайлар авторлық құқықпен қорғалмайтын өмірде кездесетін шынайы оқиғалар”, – деді компания.
Salem social media сондай-ақ сот осы уақытқа дейін куәгерлердің растайтын айғақтардын да, "Было дело" телебағдарламасын да, кітап шыққан уақытқа дейінгі журналисттердің мақалаларын да және маньяктар жайлы білетін куәгерлердің айғақтарын да ескермегенін айтады.
“Демек, тарихи немесе шынайы болған оқиғалар туралы кітап жазу немесе фильм-сериал түсірер алдында осы уақыт дейін бұл мағлұматты көрсеткен әрібір ақпарат көзін атап өту керек. Мысалы, егер сіз пандемия туралы кітап жазсаңыз немесе сериал түсірсеңіз, бұл туралы бұрынырақ айтқандардың барлығын міндетті түрде қосуды ұмытпаңыз” - делінген жазбада.
Еске салайық, бұған дейін Stan.kz қазақстандық автор Асқар Жалдинов атышулы “5:32” сериалының авторлары мен Salem Social Media компаниясына қарсы сотта жеңіске жеткенін жазған еді.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
