AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салдары ауыр болады": Депутат мәжілісте нан бағасының көтерілуі туралы мәселе қозғады

Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев нан бағасының өсіп жатқанына байланысты премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға сауал жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

нан продукт

"Соңғы кездері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне қатысты мәселелер көбірек көтеріліп жүр. Халық бағаның реттелмейтініне, тіпті кейде әртүрлі болатынына шағымдануда. Мысалы, ең танымал 1-сұрыпты ұн 150-200 теңге аралығында сатылады және одан әрі өсу үрдісі бар. Ал ұн бағасы осы жаздың өзінде 120-130 теңге болды. Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін құрғақшылық салдарынан астық түсімінің төмендігі елеулі соққы болды. Сондай-ақ жанар-жағармай тапшылығы, тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы техникасы құнының жыл сайынғы өсуі де астық бағасына әсер етті”, – деді ол. 

Депутаттың мәлімдеуінше, біреулер үшін жанар-жағармай бағасының күрт өсуі нормаға, жауапсыздық нормасына айналды. Бұл үнемі, дәлірек айтқанда, көктемгі егіс жұмыстары мен егін жинау кезінде болады.

“Бұл мәселе бірнеше рет көтерілді, бірақ бұрынғы жартас – сол жартас. Бұл ауыл шаруашылық мамандары үшін ең жауапты сәтте қасақана жасалатындай әсер қалдырады. Соңғы айда астық 50%-ке, ал ұн небәрі 12-15%-ке өсті. Логика қайда? Не істеу керек? Ұн тартушыларға шикізат жетіспейді. Астық өңдеушілер қауымдастығы тапшылықтың қолдан жасалуына жол береді. Өндірушілер бағаның одан әрі өсуін күтіп, астықты өздерінде ұстап қалуы мүмкін. Қазір жұмсақ бидай тоннасына шамамен 125 мың теңге тұрады", – дейді депутат. 

Сондай-ақ ол астықтың басым бөлігі экспортқа кетіп жатқанын мәлімдеді. Бұл ұн тартушыларға кері әсерін тигізуде. Олар өз нарығын жоғалтады және тұтастай бір сала үлкен проблемаларға тап болуы ықтимал. 

"Егер жақын арада біз халықты үстелінде болатын басты өніммен – қазірдің өзінде бағасы қарқынмен өсіп жатқан нанмен, макаронмен және жарма өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешпесек, оның салдары биылғы көктем мен жаз мезгіліне қарағанда ауыр болуы мүмкін. Осыған байланысты мәжілісмен тауар нарығында бидайдың жеткілікті көлемін сатып алу бойынша интервенция жүргізу үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" мен тұрақтандыру қорларына үкімет резервінен қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесін шешуді сұраймын”, – дейді депутат. 

Оның айтуынша, бұл келешекте нан, жарма және макарон өнімдері бағасының тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр