AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сәл болғанда өліп қалар еді": СҚО-да мектеп оқушысы ойын алаңында ауыр жарақат алған

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушысы ойын алаңында ауыр жарақат алған. Олег Аабтың сөзінше, қызының денсаулығы үшін арпалысып жүргеніне 2 жыл болған. 2020 жылдың жазында қыз серуенге шыққан. Бұл кезде жақын маңда жол апаты болған екен және оқиға орнын түссіз қармақ бауымен қоршап қойған. Велосипедпен жүрген оқушы бауды көрмей, мойнын қатты жарақаттап алыпты. Әкесінің айтуынша, сәл болмағанда ұйқы күретамырын кесіп алар еді дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

бала

"Баланың қолы дірілдейді. Сөйлейтін кезде терең тыныс алуы керек. Ашуланса, абдырап қалады. Қазір барлық кінәлілер жазасын алса деймін", – деді зардап шеккен қыздың әкесі Олег Ааб.

Аталған іс бойынша ешкім жазаға тартылмаған. Бастапқыда полицейлер іс қозғаудан бас тартқан, кейін тергеу мүлде тоқтатыпты. Ал балаға толық медициналық сараптама жасау керек. Амалы таусылған әке Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына жазылған. Депутаттар бұл мәселені тыңдап, ведомстволарға өз ұсыныстарын білдірді.

"Мұнда міндетті түрде сотқа дейінгі тергеу жүргізу керек. Сонымен қатар тәуелсіз сараптама қажет. Іске қатысы барларға тиісті баға берілуі керек. Ал ең басты сұрақ, баланың жарақат алуына себепкер болған қармақ баудың байланып тұруына кім кінәлі?" – деді Сенат парламентінің депутаты Андрей Лукин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр