Сал ауруынан өз күшімен айыққан оқушының хаты жұрттың жүрегін елжіретті
Сал ауруынан спорттың арқасында емделіп шыққан 4-сынып оқушысының хатты жұрттың жүрегін елжіретті.
Бұл туралы Қазақстан арнасының “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
Құсайынов Әмір Серікұлы 2006 жылы 26 қаңтарда дүниеге келген. Бүлдіршінге сал ауруы диагнозы қойылған. Ата-анасы оны бірнеше рет Ресейге барып емдеткен екен. Бұдан кейін Астана қаласындағы “Жұлдыз-ай” орталығына апарған. Аталған орталықтан кейін Әмірдің жағдайы жақсара бастаған екен.
Бүгінде Әмірдің денсаулығы жақсы. Ол құрдастарымен бірге ойнап-күліп, еркін қозғалады. Бұған спорттың арқасында қол жеткізгенін айтып жатыр. Жуырда оның бағдарламаға жазған хаты жұрттың жүрегін елжіретті.
“Сәлеметсізбе, Ләйлә Сұлтанқызы. Менің есімім Әмір. Жасым 10-да. Қазір 4-сынып оқушысымын. Ес білгелі сал ауруынан емделіп келемін. Алғашында денемді көтере алмай қатты қиналдым. Бірақ, ата-анам мен жақындарымның қолдауының арқасында спортпен айналыса бастадым. Үздіксіз жаттығулардың арқасында бүгін өзім тұрып, денемді тік ұстаймын. Қазір барлығы артта қалды. Ендігі арманым – спортта өзімді ары қарай шыңдау. Менің қолымнан келетінін білемін. Тек маған бағыт-бағдар беріп, ақылын айтар спортшы апалар мен ағаларымыздың ақ батасы болса жеткілікті. Тілегімді орындасаңыздар екен деп сенемін. Сіздерден тағатсыздана жауап күтемін”, – дейді Әмір.
Хатты жазуға Әмірге әжесі Шолпан ханым көмектескен-ді. Ол бірінші немересі үшін бір кездері жанын қиюға дайын болғанын айтып жатыр.
“Әмір менің бірінші жиен немерем. Өкінішке орай, осындай жаман диагнозбен туды. Біраз қиналып, жыладық. Ол кезде жанымды беруге дайын отырдым. Қазір барлығы артта қалды. Қызымның аяғы ауыр болған кезде барлығы дұрыс болған еді. Күйеуі екеуі де мектепті алтын медальмен бітірген. Оның үстіне күйеу балам спортшы.
Бір жыл бұрын Ресей Федерациясынан көшіп келдік. Ал балаларымның көшіп келгеніне 13 жылдан асты. Омбыда қазақтар өте көп. Бір-бірімізбен жақсы араласамыз. Арасында Ресейге апарып емдетіп жүрдік. Қызымыз екеуіміз үш айда бір рет, жарты жылда бір рет апарып жүрдік. Жуырда “Жұлдыз-ай” орталығына әкеліп, Садық баламыздың арқасында осындай жағдайларға жетіп келеміз. Қызымның Әмірден кейін бір баласы бар. Оның жағдайы толықтай жақсы”, – дейді Шолпан ханым.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық психолог секс туралы балаларға ерте жастан айтпауға кеңес берді
Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға
Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады
Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты