Сал ауруына шалдыққан қазақстандық қыз ерлер басылымына жалаңаш суретке түсті
Астана тұрғыны Камилла Шоканова қазақстандық Gagarin.tm сайтына іш киіммен суретке түсуге еш қорықпастан келісім берді.
Сайттан скриншот
“Мен эротиканы жақсы көрем. Мен әйел сымбатын керемет жақсы көрем. Әйел болып туылғаныма шексіз бақыттымын”, – дейді Камилла.
Фото әлеуметтік желіден алынды
Өзінің сал ауруына шалдыққанына қарамастан Камилла заңгер болып қызмет етеді. Осындай дертпен ауыратын балаларға да көмек қолын созып тұрады. Бастысы, ешқашан ешкімге шағым айтқан емес.
“Мен үнемі шағым айтып жүретін адамдарды түсінбеймін. Олар өмір бойы өзін жаман сезініп, мұңды күй кешіп, не жалғыздықты бастан өткереді. Бұлайша қалай өмір сүруге болады? Не ажал құшуың, не өмір сүруің керек. Бірақ, қуануға себеп көп қой. Адамның өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соның өзі бақыт емес пе?”, – деп жазады бойжеткен Facebook парақшасында.
Камилла қиындыққа төтеп беру мен өзіне сенімді болу – адамның басты қасиеті деп біледі.
“Мен бұрын өзгелердің сөзіне қалам ба деп қорқатынмын. Қазір соным неткен ақымақтық болған деп ойлаймын. Басты нәрсе – махаббат емес пе?”, – дейді Камилла.
Жіберіп алмаңыз:
Әлемдегі ең сексуалды стюардессалар (фото)
Дауыс беру. Қазақ аруы әлде Мисс Қазақстан: бәрінен де кім сұлу?
Мақпал Исабекова: Түнімен мәнті сатып, секонд-хэндте киінген кездерім болды
Болманов: Қазақ эстрадасындағы алғашқы бейнебаянға екі бөлмелі пәтердің ақшасын жұмсадым