"Көктайғақ, тұман, боран салдарынан болатын жол апаты": КАСКО автосақтандыруы қандай шығындарды өтейді?
Биыл қаңтарда Астана-Щучинск тас жолында ірі жол апаты болып, 95 көлік бір-бірімен соқтығысып қалды. Апаттың басты себебі – жолдағы қатты көктайғақ. Бұл жағдай көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігіне және жолға шыққанда ауа райы жағдайларын ескерудің маңызына назар аудартты. Бүгінгі материалда Stan.kz ақпарат агенттігі ауа райы кесірінен жол қозғалысында қандай қиындықтар болуы мүмкін және мұндай жағдайда сақтандыру төлемінің рөлі қандай екенін түсіндіреді.
Жасанды интеллект жасаған фото
Ауа райы қалай жол апатының себебі болуы мүмкін?
Ауа райы – болжау қиын, бірақ жол қозғалысына әсер ететін фактордың бірі. Мәселен, 3 қаңтарда Астана-Щучинск жол апаты кезінде күн қатты суып, салдарынан жол көктайғаққа айналған. Сол уақытта жолға шыққандар көлікті басқара алмай, 95 көлік бір-біріне соғылған. Оннан астам адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. Оған қоса жүргізушілердің көлігі зақымданды. Мұндай жағдайда тәжірибелі жүргізушілердің өзіне де көлік айдау қиын. Сол сияқты қатты қар жауса, боран соқса, жауын-шашын жауса, тұман болса да, дәл осындай жағдайы туындауы мүмкін.
Қазақстанда көлік жүргізушілері міндетті автосақтандыру төлемін алады. Дегенмен олар оны өз көлігінің емес, өзінің кінәсінен зақымдалған үшінші тараптың көлігін жөндеу үшін қолдана алады. Мәселен, бір адам тежегішті басып үлгермей, екінші адамның көлігін соқты. Мұндай кезде бірінші адам екінші адамның көлігін жөндеуге кететін шығынын немесе зардап шеккен адамға компенсацияны міндетті сақтандыру төлемі арқылы өтей алады. Бірақ дәл сол апатта өзінің көлігі бұзылып қалса да, оны сақтандыру төлемі арқылы жөндей алмайды. Оған қоса міндетті сақтандыру төлемі ауа райынан, табиғи құбылыс салдарынан болған зақымдарды қарастырмайды.
Ауа райы салдарынан болатын жол апаты шығынын қандай сақтандыру түрі өтейді?
Жүргізуші жол-көлік оқиғасынан, ауа райы немесе басқа да күтпеген жағдайлардан зақымданған көлігінің шығынын КАСКО полисі арқылы өтей алады. Себебі бұл автосақтандыру түрінің артықшылығы – көлік соқтығысынан ғана емес, ауа райы кесірінен, табиғи апаттан немесе зиянкестердің әрекетінен болған зақымды жөндеуге кететін қаржыны төлеп беретіні. КАСКО автосақтандыруы кімнің кінәлі екеніне қарамайды. Тіпті адамның көлігі толықтай бұзылып, жүруге жарамсыз жағдайда болса да, оның шығынын төлейді.
Мәселен, адамның тұрақта тұрған көлігінің үстіне ағаш құласа немесе Астана-Щучинсктегідей боран мен көктайғақтан көлік зақымдалса, КАСКО полисі арқылы көлікті жөндеп алуға болады. Halyk сақтандыру мамандарының айтуынша, КАСКО автосақтандыруы мынадай жағдайларды қарастырады:
- Көктайғақ. Мәселен, көктайғақтан жүргізушілердің көлігі тайғанап, жол апаты болса, көлігінің шығынын өтейді.
- Тұман. Жүргізуші тұманнан жолды дұрыс көре алмай, жол апатына түссе, көлігіне кететін қаржыны төлейді
- Қар және аязды жаңбыр. Көлікті қар басып немесе үстіне ғимараттың шатырындағы мұз түсіп зақымданса, жөндеуге кететін шығын полис есебінен өтеледі.
- Бұршақ, боран мен дауыл. Боран соғып, бұршақ жауып, оның салдарынан көлік механикалық тұрғыдан зақымдалса, үстіне ағаш не басқа объект құласа, КАСКО полисі оны жөндеуге кететін төлемді өтейді.
- Су тасқыны. Қатты жауын-шашыннан не су басқаннан көлік бұзылып қалса, полис зақым шығынын төлеп береді.
Мәселен, Halyk сақтандыру компаниясының КАСКО автосақтандырудың Standart және VIP тарифін ұсынады. Standart нұсқасы көлік жүргізушілерінің көлігінің түрлі жағдайға байланысты алған зақымының 50 000 000 теңге дейінгі шығынын, ал VIP тарифі 80 000 000 теңгеге дейінгі шығынын өтеп береді. Толығырақ, сайтынан оқып біле аласыз.