Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сақинаны ломбардтан алдым": Жанель Мақажанның күйеуі оған тосынсый жасады

Танымал өнерлі отбасы Абай Асылхан мен актриса Жанель Мақажан отау құрған күндерін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/abay.asylkhan/

Актрисаға күйеуі тосынсый жасап, күтпеген қуаныш сыйлады. 

“Құрметті достар! Бүгін біздің отау құрғанымызға 3 жыл толды. Жаным, мен сені құттықтаймын. Сен менің аманатымсың. Осыдан 3 жыл бұрын саған сөз салған кезде мен негізі сақинаны ломбардтан сатып алған едім. Өйткені ақшам болған жоқ, шынымды айтайын. Мен ол кезде жұмыссыз болдым. Енді қолыңа нағыз жарасатын сақина сыйлайтын уақыт келді деп ойлаймын, өзің армандаған брендтен жүзік. Маған тағы да тұрмысқа шығасың ба?" – деді Абай Асылхан.



Еске салайық, актриса өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шығуына адамдардың қарсы болғанын айтқан еді. 

"Ата-аналары, достары, Instagram желісінде бәрі қарсы болды. Бірақ Абайдың бойында нағыз ер азаматқа тән қасиетті көрдім. Өзімнің, балаларымның өмірін Абайға сеніп тапсыра алатынымды түсіндім. Ол өте қатты қиналды, өйткені ең жақын адамдары қолдамады. Абай өзінің айтқанынан қайтпай, намазын оқып, Алладан сұрап, қосылдық", – дейді Жанель Мақажан.

Талқылау