Сәкен Майғазиевті қарақалпақстандық клипмейкер алдап кетті
Танымал әнші Сәкен Майғазиевті клипмейкер алдап, Ташкент қаласына қашып кеткен.
Фото: xmusic.kz
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Осы уақытқа дейін Сәкен Майғазиев пен опера әншісі Нұржамал Үсенбаева бірігіп бейнебаян түсірген болатын. “Мен сенімен” атты әнді дуэт болып орындаған жұлдыздар тыңдармандарының оң бағасынан кейін бейнебаян түсіруді жөн көрген. Аталған ән классик ақын Сырбай Мәуленовке тиесілі. Оны бірінші болып Батырхан Шүкенов орындаған.
Босанова стилінде шырқалатын әнді дуэт болып орындау Сәкен Майғазиевтің идеясы болған екен. Әнші бүгін өзінің инстаграмдағы парақшасында бір бейнебаянды екі рет таспалауға мәжбүр болғанымен қоймай, клипмейкердің ескертусіз Ташкент қаласына қашып кеткенін хабарлады.
“Хабар-ошарсыз, ұшты-күйлі ақшаны алып жоқ болып кету дұрыс емес”, – дейді әнші НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.
Бейнебаянды Қарақалпақстан елінің Нүкіс қаласында дүниеге келген Наурыз Қайыпов түсіріп жатқан-ды. Жігіт өз елінде әнші ретінде танымал. Режиссерлікпен 2010 жылдан бастап айналыса бастаған. 50-ден астам бейнебаян түсіріп үлгерген екен. Қазақстандық жұлдыздармен жұмыс істеп, Индиго тобының “Тойла”, Еркін Мәуленовтың “Кінәлама қиялдасам” сынды әндеріне бейнебаян түсірген.
Әзірге клипмейкердің не үшін қашып кеткені белгісіз.
Оқи отырыңыз:
Сәкен Майғазиев тыңдармандарының үйінде қонақта болды
Сәкен Майғазиев кішкентай қызын перзентханадан шығарып, достарымен қуанышын дүркірете атап өтті
Сәкен Майғазиевтің жүкті әйелі аурухананың жан сақтау бөліміне түсіп қалды
Сәкен Майғазиев: Алған несиемді жаба алмай жүрмін