Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев өзіне қауіпті вирус жұқтырып алды (фото)

Әнші Сәкен Майғазиев өзінің дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріліп, аураханаға түскенін айтты. Оған соңғы кезде белең алып жүрген вирус жабысқан екен.

image

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Сәкен Майғазиев өзіне қазір белең алып тұрған вирустың жабысқанын айтты. Осыдан бір апта бұрын дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріліп, жедел ауруханаға жеткізілген екен. Әншінің сөзіне сенсек, дәл қазір жағдайы жақсы.

“Бір апта бұрын “мұрттай ұшпасым” бар ма… Еңкейсем басым неге сынып кете жаздайды десем, 38-39 деген қызумен ұрып жүре беріппін. Қазір белең алып тұрған вирус көзім мен тамағыма жабысыпты. Анау бірінші суретті әдейі кішкентай етіп қойдым (сіздер қорқып кетпесін деп).

Алланың бұйрығымен, Сов.Мин басшылығы мен медбикелерінің көмегімен “аттай” болып алдым. Өздеріңізді күтіңіздер. Ораза қабыл болсын, жақсылар. Алла тағала қазақ xалқына бұдан былай тек қана жақсы жаңалық айтуды нәсіп етсінші”, – дейді Сәкен Майғазиев.

новый коллаж

Артынша әнші бұл хабарды анасының білмейтінін айтып, тыңдармандарына тіс жармауға өтініш білдірді. Дәл қазір үйінде екен. Жаңалықты естіген желі қолданушылары оған ізгі тілектерін жеткізіп, сауығып кетуін тіледі.


Жіберіп алмаңыздар:

Әнші Сәкен Майғазиев әйелдер колониясындағы өмірмен танысып қайтты (видео)

Сәкен Майғазиевті қарақалпақстандық клипмейкер алдап кетті

Сәкен Майғазиев тыңдармандарының үйінде қонақта болды

Сәкен Майғазиев кішкентай қызын перзентханадан шығарып, достарымен қуанышын дүркірете атап өтті

Талқылау