AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев мемлекеттен бөлінген 572 миллион теңгені жұмсады дегендерге жауап берді

Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы, әнші, "Музарт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев сын астында қалды. Күні кеше Шымкент қаласында "Музарт" тобының концерті өтті. "Майғазиев концертке бюджеттен бөлінген 30 миллион теңгелік келісім шартқа қол қойды" деген ақпарат тарады. Әнші бір жылға бөлінген 572 миллион теңгенің қайда жұмсалғанын айтып өтті.

"Мені таңғалдырған тағы бір жайт. Наурыз мерекесіне орай Шымкетте МузАрт тобының да концерті өтіпті. Бюджет қаржысына. Мейлі, өте берсін. Салық төлеуші халық. Ал МузАрт тобы – халықтың сүйіктісі" дейтін шығарсыздар. Мәселе ода емес. Ол концертті өткізуге тапсырыс беруші мекеме – Шымкент қалалық мәдениет үйін МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев басқаратыны белгілі. МузАрт концерті үшін жасалған 30 миллиондық келісім шартқа да Майғазиевтың өзі қол қойған. Порталда тұр.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң бар. Соның 15-бабында мүдделер қақтығысы жайлы айтылған. Ал мен бұл жоғарыдағы келісім шарттан мүдделер қақтығысын байқап отырмын. Сәкен Майғазиев өзі ән айтатын топтың концертін өткізу үшін өз басқаратын мекемеден ақша бөліп отыр. Өзі сол концертте өнер көрсеткені тағы бар. Заңгерлер не дейді екен бұл туралы, мүдделер қақтығысы байқала ма? Алайда заң деген нәрсе бәрімізге ортақ еді ғой. Сондықтан да Сәкен мырза өзі қол қойған келісім шарттардағы әрбір тиын үшін жауап беруге тиіс", деп жазды Мият Кәкішбай есімді желі қолданушысы.

Әнші бір жылға бөлінген 572 миллион теңгенің қайда жұмсалғанын айтып өтті.

"Ассалаумағалайкум, ардақтыларым! Естіп те, көріп те жүрмін.
Бүкіл әлемнің байлығын берем десе де, қасықтап жинаған абыройымды шелектеп төгуге келіспес ем. АЛЛАh - білуші.

Мерекелік мәдени іс-шаралар кеше кешкісін мәресіне жетті. Жұртты жинап алып, жын ойнақ жасағандай көрсетудің қажеті жоқ, жақсылар. Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 19 мекеме атсалысқан 100-ден аса шараға бөлінген қаражатты мен ойлап тапқан жоқпын. Қала әкімі қолдап, орынбасарлары оңтайландырып, басқарма бекітіп, мәслихат мақұлдап, жұмыла жасалған жұмыс.

Бүгінде Шымкент "жасыл" аймақта тұрған ҚАЗАҚСТАНдағы жалғыз қала. Елдің аузында жүрген сомма тек наурыз мерекесіне ғана қаралған қаржы емес. 572 миллион теңге (565 млн емес), жыл бойы мәдени іс-шаралар өткізуге бөлінген қаржы. Соның ішінде Наурыз мерекесінде 10 күн бойы өткен 103 іс-шараға 213 миллион теңге жұмсалды. Наурызға қатысты іс-шаралар наурыздың соңына дейін, тіпті сәуір айына дейін жалғасады. Айтайын дегенім, 213 миллион теңгенің өзі кейбір блогерлер жазып жатқандай 5-6 іс-шараға бөлінген жоқ. 

"Наурыз айтысқа" келейік. 40 миллион теңге "Наурыз айтыс" атты үлкен жобаға бөлінген қаржы. Оның ішінде 2 ауқымды іс-шара бар. Екі күндік ақындар айтысы, ақын-жазушылардың проза және поэзия бағыттары бойынша өткен байқауы мен мүшайрасын косыңыз. Бұл қаржының ішінде жүлде қоры, қатысушылар мен қазылар алқасының гонарары, олардың келу-кету мен орналастыру, тамақтану мен транспорт өзге де көптеген шығындары бар. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бір көзден сатып алу тәртібімен өткізіліп, "Quraq group" компаниясының авторлық жобасы болғандықтан тікелей келісімшарт жасалды. Оның үстіне бұл іс-шараларды компания өз қаржысына өткізді. Біз бұл компаниямен сәуір айында есептесеміз.

Жиһаз өндіру — бұл компания қызметінің бір ғана бағыты. Іс жүзінде ол мәдени іс-шаралар ұйымдастырумен де айналысады. Соның ішінде ақындар айтысын ұйымдастыруға лицензиясы бар. Бұл компания осындай іс-шараларды ұйымдастырып жүрген белгілі продюссерлермен бірлесіп жұмыс істейді. Наурыздағы барлық іс-шараларды санитарлық талаптарды қатаң сақталды. Бір сөзбен айтқанда, бөлінген бюджет бабамнан қалған қаржы емес. 

Бір сөзбен айтқанда, бөлінген бюджет бабамнан қалған қаржы емес, мен басқарып отырған әсем ғимарат әкемнен қалған мұра емес.

Айта кететін жәйт, мәдениет саласына қала бюджетіен бөлінетін қаржы 1% да құрамайды екен. АЛЛАның алдында да, адамның (құзырлы органдар) алдында да есеп болатынын білетін жандардың санатынанмын. Тілектес жандарға АЛЛАның нұры жаусын", - деп жазды Сәкен Майғазиев

Бөлінген қаражат жайлы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Шымкентте қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының 2021 жылғы даму жоспары бойынша баспасөз брифингінде  айтты.

"Наурыз – Шымкенттен басталады" атты мегажобасы аясында 103 іс-шара өтті. Бұл мерекелік жиындарға 213 миллион теңге жұмсалды. Ал қазнетте талқыға түскен 572 млн теңге Шымкент қаласы мәслихат депутаттарының қолдауымен жыл соңына дейін өткізілетін іс-шараларға бөлінген. "Ұлыстың Ұлы күнінде Шымкент қаласына бүкіл халықты жинауға болатынына көзіміз жетті. Тарқатып айтсам, кешегі "Наурыз – Шымкенттен басталады" атты мегажобасы аясында үшінші мегаполиске келушілердің саны екі-үш есеге артқан. Яғни, біз бір мақсатты орындадық деген сөз. Бірақ мерекені жоспардағыдай өз деңгейінде өткіздік дей алмаймыз. Індетке байланысты жаппай мерекелік серуендеу болған жоқ", - деді Шыңғыс Мұқан.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары желідегі парақшасында Наурыз мейрамына бөлінген қаражат жайлы толықтырып өтті.

"Сонымен, Наурыз мерекесі аясында 103 іс-шара өтті. Наурызға 213 миллион теңге қаралды, бірақ әлі төленген жоқ. Ертең құжаттарымен қабылдап алғанда әлі де нақтыланады.

Ал енді осы ақша желге ұшты ма? Жоқ, әрине. Мәдени іс-шараларға қатысушыларға айлық болды, конкурстардың жеңімпаздарына сыйлық болды, әйтеуір қаланың экономикасына қайта құйылды.

Айтпақшы, осы Наурызда бүкіл қазақ еліне "Наурыз Шымкенттен басталады" деп шақырдық. Қалың бұқараны магнитше тартатын жыл сайынғы дәстүрлі символдық шара болды. Тек мұндағы әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық потенциалды шамалай беріңіз. Бірер күннен бері жыр болып жатқан мәселеге көшейік. Наурызға қанша ақша қаралды? Жалпы, мәдениетке қанша ақша қаралдыдан бастайықшы. 3 млрд. теңгеден сәл-ақ асады. Былтыр Шымкент қаласының бюджеті 456 млрд. теңге болса, мәдениетке бөлінген қаржы 1%-ға да жетпейді екен. Содан кейін қайдағы креатив экономика! Қайдағы мәдениет! Ал енді ол қаржыға 2 мыңға жуық қызметкер айлық алып отырған 19 мекеме бар.

Іс-шара өткізуге жылда 600 миллион теңге қаржы қаралады. Былтыр да, биыл да, арғы жылы да солай. Өткен сессияда 572 миллион теңге  қаралды. Оны Наурызға сонша ақша жұмсалды деп алақашты дүрмекке ілескендер! Бірі білмей шапқыласа, біреулер әдейі маздатады.

Шыны керек, ол ақша әлі Мәдениет басқармасының есеп-шотына түскен жоқ. Күні бүгін Наурызға әкімдік бір тиын төлеген жоқ. Наурыз аясында өткен іс-шараларды ұйымдастырушылар өз қаражатына жасады. Ертең, сәуір айында әр мекеме тиынына да дейін санап, құжаттарын тапсырады. Аса ұқыптылықпен қабылдап аламыз. Ешкімнің екі басы жоқ. Сосын қаншама тексеріледі. Бюджеттің ақшасы ойнайтын зат емес", - деп жазды Шыңғыс Мұқан

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр