Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мақсатты сен шығарып жібердің деген әңгімелер көп айтылды”: Сәкен Майғазиев өзін айыптағандарға жауап берді

Бұл туралы “Жақсы адамдарым” бағдарламасында сөз болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“МузАрт” тобы, Мақсат Базарбаев пен Алтынбек Қоразбаев Қыдырәлі мен Қарақаттың бағдарламасында қонақ болды. Сұхбат барысында Мақсаттың орнын басқан Кенжебек топқа қосылған кезін айтып, еске алды. Сонда Сәкен Майғазиев осыған қатысты халық арасында біраз сөз жүргенін атап өтті.

“Әлеуметтік желілерде өсек өріп жүреді. Шыны керек, бойым кішкентай болып, ортасында күліп тұрғаннан соң ба, “Мақсатты сен шығарып жібердің” деген әңгімелер көп айтылды. Сол туралы өзің не дейсің?” деп Мақсатқа әзілдеп сауал жолдады.

Жүргізуші Мақсат Базарбаевтың топтан кетуіне не себеп болғанын сұрап еді, Алтынбек Қоразбаев сауалды жауапсыз қалдырғанымен қоймай: “Күліп отырайық” деп сөзді басқаға бұрып жіберді.

Мұны байқаған желі қолданушылары да: “Мақсаттың кеткеніне жауапсыз-ақ, жауап алдық”, “Неге кеткені сол күйі айтылмады?”, “Сөзін бөліп жіберді. Араларында бір жағдай болған ғой” деген пікір қалдырды.

Талқылау