Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев кішкентай қызын перзентханадан шығарып, достарымен қуанышын дүркірете атап өтті

Әнші Сәкен Майғазиевтің қызына Мәриям деген ат қойылды. Бұл туралы әншінің өзі Инстаграм парақшасында сүйінші сұрай хабарлады.

Сәкен

Айта кетейік, әнші осыған дейін әлеуметтік желіде қолданушылардан үздік есімдерді ұсынуын сұраған еді. Алайда ол ұлы Әділеттің айтқан нұсқасын таңдапты. «Көңiлi көлдей кең, тiлегi теңiздей телегей қазағым, рахымдылардың рахымдысы Раббымыз баршаңызға разы болсын! Белсенділік білдірген баршаңызға алғыс білдіремін.

 

Желiге 7 000-ға жуық ерекше есiмдер ұсынылды. (АЛЛА нәсiп етiп, қызды болып жатсаңыздар менiң парақшамнан таңдау жасасаңыздар болады). Ұлым Әділеттің ұсынысын анам қабыл алып, ақылдымның есімін Мәриям деп қойдық. Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпегей. Құшақтадым!» – деп жазды Майғазиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында. Әншінің қызы 14 қаңтарда дүниеге келген болатын. Жұптың Әділет (17 жаста) есімді ұлы және Райана (2,5 жаста) есімді қызы бар.  


Сәкен майғазиевтың өнердегі достары осы қуанышты атап өту үшін бас қосқандарын айтып суреттерін желіге жүктеп жатты.

 

Талқылау