Сәкен Майғазиев: Кішкентай екі қызым да ұл күтіп жүр
Жақында Сәкен Майғазиев жанашыр тыңдармандарын жағымды жаңалығымен қуантқан еді. Әншінің жұбайы Динара бүгінде төртінші перзентіне жүкті. Майғазиевтер отбасы мамыр айында тағы бір жанмен толықпақ.
Дәрігерлер Майғазиевтің үшінші мәрте қызды болатынын айтқан көрінеді. Алайда туыстары мен Сәкеннің қос қызы басқа болжам жасауда. Бұл туралы әнші НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Жұбайым екеуміз үшінші қызды күтіп жүргенбіз. Алдын ала болжамаймыз ғой, бірақ медбикелердің айтуы бойынша қыз сияқты. Ал бірақ жақындарымның бәрі түсінде ұлды көреді. Кішкентай екі қызым да «ұл болады» деп қоймайды. Ауыздарынан тастамайды. «Көрдік, сенен аумайды екен» деп үлкен қызымды, біресе кіші қызымды алдаймын. Әдемі қыз болады десем, сенбейді. Екеуі де ұлды күтіп жүр. Алла нәсіп етсе, мүмкін бесіншісі ұл боп қалар. Алла соған жеткізсін”, – дейді Сәкен.
Майғазиев бір сұхбатында 7 баланың әкесі болуды армандайтынын айтып қалған еді. Тіпті, жасы 40-тан асса да, үш баламен тоқтап қалғысы келмейтінін тілге тиек етті. Әнші әлі де бұл ойынан айнымағанын айтады.
“Алла білуші ғой, біз армандаушымыз. Алтын шыққан жерде белден қаз дейді. Алла нәсіп етсе, менің де, жұбайымның да алға қойған діттеген мақсаттарымыздың бірі деп айтсақ болады”, – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Сатушы, жүк тасушы, даяшы болған жұлдыздар
Мақпал Жүнісова өзін сынаған журналистке: 35 жыл ерігіп жүрмедік
Қытайға ұрығымды сатпаймын: Серікбол Сайлаубек намысына тиген журналистпен жаға жыртысты