Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Әйелім 7 жылдан бері намаз оқиды

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, ажырасып, екінші әйел алатындар өнерде ғана емес, барлық сала мамандары арасында бар. Тек ел алдында жүргендіктен, танымалдардың оғаш қылығы бірден байқалып қалады. Сондықтан да не істесем де, өзгелерге үлгі болуды ойлап тұратынын айтады.

Сәкен Майғазиев: Әйелім 7 жылдан бері намаз оқиды

Бұл туралы Сәкен Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Танылған кезден бастап әйелімді жасырған емеспін. Бізде: “Өнер адамы болса тұрақсыз, ажырасып кете береді” деген жаман түсінік қалыптасқан. Жұрттың назарында жүргендіктен, қаңқу әңгімелерге көп ілінетіз біз. Үкіметте жүрген адамдар да, инженер, тракторшылар, әртүрлі салада жүрген азаматтар да ажырасып жатыр. Бірақ оларды ешкім танымағаннан кейін жұрт білмейді. Осы орайда Ескендір Хасанғалиев пен Дарико апамызды, Қыдырәлі мен Қарақатты неге үлгі тұтпасқа, неге соларды көбірек жарияламасқа?” – деп журналистерге өтініш білдірді әнші.

Сәкен Майғазиев: Әйелім 7 жылдан бері намаз оқиды

Майғазиев кейінгі ұрпаққа өнерімен де, өмірімен де үлгі болуға тырысып жүр. Бұл ретте ол Құдай қосқан қосағы туралы да айта кетті.

“Жақсы жағынан үлгі болуға мейлінше тырысып жатырмыз. Айтайын дегенім, әйелін көрсете ма, көрсетпей ма, әркім өзі шешеді. Ең бастысы, ашық-шашық киінбеуі керек деп ойлаймын. Аллаға шүкір, адал жарымды көрсетуден арланбаймын. Ең бастысы, ашық-шашық киінбейді. Аллаға шүкір, 7 жылдан аса уақыттан бері намаз оқиды”, – дейді ол ағынан жарылып.


Жұма намазы қалай оқылады >>>

Талқылау