Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев 40-тан асқанда көрген қызының «жекеменшігіне» айналғанын айтып күлдірді

Әдетте ерте жаста көрген бала ата-әжесінің қолында өсіп, өз ата-анасын аға-әпкесі не құрдасы іспетті көреді. Екінші, үшінші балалар ата-ананың “жекеменшігіне” айналады. Ал егде жаста көрген балалар керісінше ата-анасының “әміршісі” болады. Бұл жағдай Сәкен Майғазиевке жақсы таныс.

18444617_1923563081192503_8624574800322363392_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ол жалғыз ұлынан кейін араға 15 жылдан аса уақыт салып, қызды болды. Бір жылдан кейін Жаратқан әншіге тағы бір періште сыйлады. Бүгінде Майғазиев бір ұл мен екі бірдей ханшайымның әкесі.

Иә, баланы неғұрлым кеш көрсең, соғұрлым ол тәтті болады. Майғазиевтің ұлы Әділет әлдеқашан есейген. Дәл осы себепті әншінің ендігі еркелері әрі “басшылары” қос қызы – Раяна мен Мәриям.

Бірнеше күн бұрын әнші желіде “қырықбайлар” туралы пост жазып, оқырмандарын күлкіге қарық қылды. Кіші қызы Мәрияммен түскен суретін жариялаған ол:

“Мен енді бұл кісінің “жекеменшігімін”. Бұрындары деймін да, “Осы жұрт немересінің, баласының еркелігін қалай көтере береді екен-ей, тәртіпке салмай ма?”, деуші едім. Сөйтсе-е-ем, “қырықбай”, “елубайлар” ысқырып тұрғызып, үйіріп жатқызады екен ғой. Алла – ұлы!” – деп жазды.

Желідегілер әншінің жазбасына бір күліп алып, “қырықбай” мен “елубайлардың” көбеюін тіледі. Көпшілік Мәриямнің Сәкеннің өзіне, ал үлкен қызы Раянаның анасына ұқсағанын айтып жатыр.

 

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Канн фестивалінде ән айтады

Мақпал Жүнісова өзі ұқсап ән салатын тотықұсын көрсетіп мақтанды (видео)

Хиджаб киген Ерке Есмаханға жұрт батасын берді (видео)

Желідегілер “Салтанат Бақаева үшінші перзентіне жүкті” деп болжады

Талқылау