Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев 21 жыл бұрын әйелімен бірге тұрған үйін көрсетіп, шүкірлік етуге шақырды (видео)

Сәкен Майғазиев 21 жыл бұрын  әйелімен бірге тұрған Алматыдағы үйін көрсетті. Айтуынша, мұнда әнші аға-жеңгесінің қолында тұрған екен, деп жазады Stan.kz.

Сәкен Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасында 1987 жылы әйелімен бірге аға-жеңгесінің қолында тұрған кезін еске алып, бұрынғы үйін көрсетті.

«21 жыл бұрын осы «хрущевкада» 2 бөлмелі пәтер жалдап, ағам мен жеңгемнің қолында тұрған едік. Арнайы ат басын бұрдық», – деп жазды әнші.

 

Видеода әнші 3 күн концерт беріп, ел ықыласына бөленіп, әр қазақ танитындай дәрежеге жетемін деп ойламағанын айтты.

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына тәнті болып, өткен жылдарын еске алды.

«Ол жылдары ешкімге оңай соққан жоқ. Бірақ сол кездер естен шықпайды. Неге десең, ол жақта қаншама есте қалатындай сəттер қалды десейші. Сол үшін ол жақты бəрі-бір сағынасың», «Өткен шаққа бір көзбен қарап кеткен өте дұрыс негізі. Əрі ыстық болып көрінеді, əрі шүкіршілік етесің», «Дұрыс айтасыз. Шыққан жеріңді ұмытпау керек. Ескі шапанды іліп қойып соған қарап отырғандай», – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Мақпал Жүнісова анасының тойдағы биін көрсетіп жұртты сүйсіндірді (видео)

Бақаеваның енесі: Бір баламды төртеу қылған Салтанатқа алғысым шексіз

Жұбайын туған күнімен құттықтаған Айқын Төлепберген жұрттың қызу талқысына түсті

Салтанат Бақаева Қырғызстанның алғашқы тарихи мюзиклінде басты рөлді сомдады (фото, видео)

Талқылау