Сәкен Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып қайта тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сәкен Исабековті Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы етіп қайта тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Исабеков Сәкен Сайынұлы 1980 жылы 10 ақпанда дүниеге келген. Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2003-2021 жылдар аралығында Мемлекеттік күзет қызметінде әртүрлі офицерлік және басшылық қызметтерде болды. 2021-2022 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары – Президенттің күзет қызметінің басшысы болды.
6 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен оған Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнайы атағы берілді.
ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен және ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызмет үшін", І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауыпсіздігінің айбынды атқарғаны үшін" медальдарымен марапатталған.