Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов кәсіпқой рингте жолыға ма? Жолықса, кім жеңіске жетуі мүмкін?

Cәкен БибосыновФото: Ашық дереккөзден

Жақында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Бішкекте кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осы кездесуден кейін ол өзінің байырғы қарсыласы өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматовпен кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қос боксшының әуесқой бокстағы бәсекесі көпшілікке жақсы таныс. Енді кәсіпқой аренада жұдырықтасса бұл айқас әлемдік деңгейдегі тартысты жекпе-жеке болмақ.

Бұл жайлы сарапшылар не дейді?

Хасанбой Дусматов кәсіпқой бокста әлдеқашан өзін дәлелдеп үлгерген тәжірибелі боксшы. Оның рингтегі тактикалық сауаты, соққы дәлдігі мен шыдамдылығы – басты артықшылығы. Алайда, жас айырмашылығына назар аударсақ, Сәкен Бибосынов – анағұрлым жас әрі бойы мен қолы ұзын. Бұл кәсіпқой бокста үлкен басымдық. Егер осы артықшылықтарын дұрыс пайдалана білсе, Сәкеннің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары дейді — спорт журналисі Мұхтар Қалимоллаұлы.

Сонымен қатар, спорт коментаторы Мұхамедәли Болатұлы, Сәкен кәсіпқойға жаңа ауысса да тез икемделе алады. Себебі қазақ боксшылары әуесқойдан, кәсіпқойға тез бейімделгіш келеді. Бұған қазақстандық боксшылардың әлемдік аренада жетіп жүрген жетістіктері дәлел — деуде.

Дегенмен, белгілі бапкер ардагер жаттықтырушы Тұрсынғали Еділов, Сәкен үшін Дусматовқа қарсы кәсіпқой рингте дәл қазір жұдырықтасу – тым ерте дейді. Себебі кәсіпқой бокс – мүлде басқа деңгей, мұнда рингтегі әрбір шешім, әрбір сәт маңызды екенін айтуда.

Айта кетейік, Сәкен мен Хасанбой әуесқой бокста 4 рет жекпе-жек өткізіп, оның 3-де өзбек боксшысы басым түскен.

Авторы: Ақерке Өмірхан

STAN.KZ
Сәрсенбі, 08 Қазан, 2025 19:27
Талқылау