Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сахнадағы 6 жылым сізбен өтті": Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызын туған күнімен ерекше құттықтады

Танымал әнші, продюсер, кәсіпкер Мөлдір Әуелбекова үлкен сахнаға шығуға көмектескен Баян Мақсатқызының туған күніне ерекше видео жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото өнер иелерінің жеке парақшаларынан алынды

Өткен аптада белгілі продюсер 50 жасын дүркіретіп атап өткен еді.

“Тренд 2024! Баян Мақсатқызы апайдың туған күніне осыны түсіріп үлгермедім. Себебі, Меккеде құлшылықта болдым. Ештен кеш жақсы демекші, туған күніңізге арнау болсын! Биыл үлкен сахнаға аяқ басқаныма – 20жыл! Соның 6 жылы сіздермен өтті, Баян Мақсатқызы, Бағым Мұхитдинова! Бәрі үшін рақмет!”, – деп жазды әнші. 

Өнер иесі осыдан 14 жыл бұрын түсірілген “Ғашық жүрек” фильмінен үзінді келтірген. Желі қолданушылары ол фильмді әлі күнге дейін көретіндерін жарыса жазып жатыр. 

“Күні кеше ғана осы фильмді көріп едім”, “Мейрамбек те, Мөлдір де жап-жас болыпты”, “DVD-дан көретін едік”, “Сол фильм қатты ұнаған”, “Бұрынғы продюсермен татуласқаныңа қуаныштымыз” деп жазып жатыр оқырман қауым. 



Еске салайық, қайбір жылы әнші мен продюсер арасындағы түсінбеушілік үлкен дауға ұласқанын халық ұмыта қойған жоқ. 

“Мен ол кісіні ешқашан жаман деген жоқпын, жамандамаймын да. Егер менің ренішім болса да, бұл менің ренішім, өзіммен арпалысым. Мұның ешкімге қатысы жоқ. Менің осы күнге дейін айтып жүргенім — тек қана алғыс. Мен мойындаймын, маған көп нәрсе үйретті, өзі де үйренді. Жоғары деңгейде үйретті. Топтан кеткен соң мені көптеген продюсер шақырды. Бірақ мен ешкіммен жұмыс істегім келмейді. Баяннан мықты продюсер жоқ. Болмайды да!" – деген еді Мөлдір Әуелбекова. 

Талқылау