AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сахна әншілерінен асып түсті": Әлемге әйгілі әндерді орындаған қарапайым әйел елді тәнті етті

"Талант бар, таныс жоқ". Әлеуметтік желіде әлемдік хит әндерді нақышына келтіре орындаған қырғыз әншісінің видеосы тарады. Әйгілі "Титаник" фильмінің саундтрегін орындаған Бегімай Тұрысбекова қазақстандықтардың қолдауына ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйел Бішкектегі "Ынтымақ-2" саябағында Селин Дионның “My heart will go on”, Виктор Цойдың "Кукушка", Уитни Хьюстонның I have nothing әндерін шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленген. Оның алаңда ән айтқан сәтін қазақстандық блогерлер мен пабликтер де жарыса бөлісуде. 

Үстіне үй көйлегін киіп, басына орамал таққан қарапайым әйелдің талантына көпшілік тәнті болды. 

"Таланты бар, танысы жоқтарды көтерейік", "Не деген дауыс, "Титаникте" отырғандай болдық", "Даусы керемет", "Нағыз жанды дауыс, барлық әншіден асып түсті", “Сізге әлемдік сахнаға шығу керек”, – деп таңдай қақты желі қолданушылары. 



Ал орындаушының өзі аз уақытта мұндай танымал болып кетемін деп ойламағанын айтты. 

"Бұлай болады деп ешқашан ойламаппын. Қолдауларыңыз үшін баршаңызға рахмет. Жақсы көремін", – деп жазды ол желідегі парақшасында. 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр