Сағынтаев Алматыдағы блок-бекеттер қашан алынатыны жайлы айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың сыртындағы блок-бекеттерді алуға әлі ерте екенін жеткізді. Сөзінше, егер блок-бекеттер алынса, қаланың эпидемиялогиялық жағдайы нашарлап кетуі мүмкін екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

блок пост

Сағынтаев қаланың кіреберістеріндегі блок-бекеттерді алатын уақыт келмеді дейді. Бұған қоса ол бұл жағдайдың бірнеше себептерін атап көрсетті. 

"Егер біздің қаламызда қанша адам тесттен өтіп жатқаны мен басқа аймақтардағы тексеріліп жатқандарды салыстырсақ, әрине, үлкен айырмашылық байқалады. Жағдай тұрақталып келе жатқанымен ахуалдың жайы түсініксіз. Барлық өңірлер жұмыла жұмыс жүргізуі керек", - дейді қала әкімі. 

Сондай-ақ ол қазір қаладағы карантиннің жеңілдеуіне байланысты облыстан Алматыға келіп жұмыс істейтін азаматтардың блок-бекеттен емір-еркін өтіп жүргенін айтып кетті. Сөзінше, сырт аймақтардан күніне 10-12 мың автокөлік қалаға кіріп жүр екен. Осыған байланысты бақылау пунктерінде кептеліс жиі орнайтын көрінеді. 

"Қалада жұмысы барлар ғана кіргізіледі. Олардың барлығы кіріп-шығар кезде тексерістен өтеді. Қызметкерлерден де күн сайын сынамалар алынып тұрады. Кәсіпорындардың қызметі жанданғаннан кейін қаламызға 150 мың азамат келіп-кетіп жүр", - деп қосты Алматы әкімі. 

Бұған қоса ол тұрғындарды жағдайға түсіністікпен қарауға және сабырлыққа шақырды. Мұнымен қатар Сағынтаев қазір алда тұрған басты мәселе Алматының эпидемиялогиялық тұрақты жағдайын сақтап қалу екенін ескерді. 

Еске салайық бұған дейін қала басшысы мегаполистегі карантин шаралары қайта күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр