Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы билігі ЖРВИ мен пневмония індетінің таралу көрсеткішін жариялады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада ЖРВИ және пневмониямен ауырғандардың саны бес есеге өскенін мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, мегаполисте індет басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ОРВИ

"Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті. Мұны індеттің көрінісі ретінде қарастырып отырмыз. Бұл ретте жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт көтерілген. Маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен", - деп жазды Instagram-дағы парақшасында Бақытжан Сағынтаев.

Әкім коронавирустың таралуына қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылғанын атап өтті. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелген.

"Бүгінгі қалыптасқан жағдайда "виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы" ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды. Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық аштық. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді", - деді Алматы қаласының әкімі.

Талқылау