Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағынтаев Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарға ашылатын жаңа стационарлар туралы айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған қосымша және резервтік орындардың ашылуы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сағынтаев

Әкім Halyk Arena-ның коронавируспен ауыратын пациенттерді емдеуге арналған госпиталь ретінде жұмысқа дайындық барысымен танысты.

"Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған, соның ішінде реанимациялық 60 орын ашылады. Дайындық барысында санитарлық қауіпсіздіктің ең қатаң талаптары ескерілуде. Таза және лас аймақтарға арналған шлюздер мен туннельдер, желдету және зарарсыздандыру жүйелері орнатылды. Кезең-кезеңімен медициналық жабдықтар орнатылады. Дәрігерлік бригадалар дайындалуда", - деп жазды Instagram-да Сағынтаев.

Сонымен қатар жақында Жарбосынов атындағы урология ҰО-ы базасында 150 орынға арналған инфекциялық стационар ашылады.

"Бүгінде қоғамдық денсаулық басқармасы орналасқан ОҚК корпусында қосымша орындар ашылады. Сондай-ақ жұқпалы аурулар ауруханасында да қосымша орындар ашылу көзделген", - деді әкім.

Мегаполия басшысының сөзінше, қазір қалада қауіпті індетті жұқтырған науқастарды емдеу үшін 4669 орынға арналған 21 медициналық ұйым жұмыс істейді.

"Қабылданған шаралардың арқасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қажетті орындар резерві құрылатын болады", - деп қорытындылады Бақытжан Сағынтаев.

Талқылау