Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағынтаев АӘК туралы: Жәрдемақы алып келгендердің ішінде кәсіпкерлер де бар

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеу барысындағы бұзушылықтар туралы айтты. Қала басшысының сөзінше, жәрдемақы алғандардың ішінде кәсіпкерлер де бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Сағынтаев АӘК туралы: Жәрдемақы алып келгендердің ішінде кәсіпкерлер де бар

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Сағынтаев бүгінде 1 350 көпбалалы отбасы мен анаға атаулы әлеуметтік көмек берудің тоқтатылғанын атап өтті. 

«Өз табысын жасырған көптеген отбасыны анықтадық. Жеке кәсіпкерлікпен айналысып, табысын жасырған отбасылар да көп. Қалада уақытша тіркеліп, алайда балаларын ата-әжесіне қалдырған отбасылар да бар. Олар басқа облыстардағы мектептерге барады», - дейді Бақытжан Сағынтаев.

Қала әкімінің мәліметінше, осылайша, ай сайын 83 млн теңге бұрыс әрі заңсыз төленіп келгені анықталған.

Талқылау