Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Саған разымын" деді": Дәулет Мұқаев анасын соңғы сапарға шығарып салғанда сөз сөйледі

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев марқұм анасына арнап жазба жариялап, көпшілікті жылатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Мәжілісменнің анасы 56 жасқа қараған шағында дүниеден озды. 

“Бүгін анамызды соңғы сапарға шығарып салдық. Бұл сөздерді жыламай айту оңай соқпады. Бірақ анамның маған айтқан соңғы сөздері құлағымда тұрды. "Балам, жылама. Жыласаң ауырып қаласың. Сен мықты бол. Аллаға мың да бір шүкір. Мен саған разымын..." Маған тағы бір күш берген нәрсе – анамның соңғы демі шығарда Кәлиманы айтып, таң намазы кіргенде мәңгілік мекенге аттануы. Жаныңыз жәннатта болсын, жан анам! Тірісінде ананы бағалаңыздар, аялаңыздар, сыйлаңыздар. Тірісінде разылығын алыңыздар. Ешкім мәңгілік емес...", – деп жазды депутат.



Сонымен қатар марқұмға арналған ас беру кезінде анасының қандай дертпен күрескенін де айтты. 

“Коронавирус жоқ деп жүрген жандар, менің анам сол вирустың салдарынан кетті. Аутоиммундық ауру деп аталады. Миллион адамның бірінде ғана болады екен. Артриттің ең ауыр түрі – стилла деген. Анам сол ауруға шыдамады. Дәрігерлер нақты диагнозын анықтады, бірақ жазылуы 5-ақ пайыз деді. Мен оны естіп алып, анама айтқан жоқпын. Ішімде сақтадым. Екі ай ғана ауруханада жатты”, – деді халық қалаулысы. 

Айта кетейік, депутаттың анасының қазасын айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жеткізген еді. 

 

Талқылау