Қазақ тіліндегі кейбір сөздер жоғалып кетуі мүмкін
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында терминдерді қазақ тіліне аударудың бірыңғай қағидаттарын жасау туралы айтты.
Бұл туралы «Казахстанская правда» газетіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта терминологиялық комиссия қолданыстағы барлық сөздерді бір дерекқорға жинап жатыр. Шайхметов пен Байтұрсынов атындағы тілдер институты 390 мың термин жинаған. Олар 4 санатқа бөлінген. Біріншісі – қазақтың тарихи сөздері болса, екінші – «әуежай», «ғаламыр», «жекешелендіру» секілді соңғы уақытта қазақ тіліне аударылған сөздер. Ал үшінші топта «математика», «химия», «сенат», «жаһандану» сияқты тікелей қолданылған сөздер кіреді. Төртінші топта халықаралық саудада кеңінен қолданылатын терминдердің санаты енгізіледі.
«Аталған санатқа асбест, наркоз, интерференция, сондай-ақ категория, платформа, аргументы, реакция сияқты қазіргі қолданыстағы немесе болашақта қолданылуы мүмкін деген жүйелік сөздер кіреді. Енді сөздерді айналымға енгізудің ортақ қағидаттары туралы шешім қабылдау керек. Атап айтқанда жоғарыда аталған сөздерді қазақ тіліне аудару керек пе, әлде осы күйінде қолдамамыз ба соны шешіп алу керек», – деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшысы«Казахстанская правда» газетіне.
Білім министрі аудармадағы жалпы қағидалар қабылданғаннан кейін 390 мың терминнің тағдыры шешіледі дейді.
«Қолтырауын, ғаламтор, сондай-ақ перне тақта секілді кейбір сөздер қолданыстан шығуы мүмкін. Болашақта жекешелендіруді приваттау, төңкеріс дегенді революция деп айтсақ, екеуі де дұрыс болмақ. Сонда ғана түсінікті сөздік қоры ғана емес, ол сөздің неліктен қолданылатыны түсінікті болады. Яғни, біз аударылған сөзді қолданғанда ұстануға тиіс қағидалар әзірлейміз. Себебі бұл жұмыстың бәрі латын тілінде болатындықтан, сөздің мағынасы да түбегейлі өзгереді. Қазақ тілін зерттейтін ғалымдар тарихи маңызға ие ақпараттарды талқылайды. Түсінікті ғылыми қағидалар әзірленсе, олар қоғаммен талқыланады», – деді Ерлан Сағадиев.