Садриддин Ахмедов екі жылдық үзілістен кейін АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов екі жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Eye ot the Tiger Management
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов екі жылдық үзілістен соң, АҚШ-та дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Жеңілістің дәмін татып көрмеген боксшы 31 шілде күні, белгілі промоутер Том Леффлердің ұйымдастыратын бокс кешінде жұдырықтасады. Калифорния штатындағы Санта-Инесте қаласында өтетін бокс кешінде отандасымыз жергілікті былғары қолғап шебері Антонио Тоддқа (17-10, 9 КО) қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов (13-0, 11 КО) соңғы жекпе-жегін 2022 жылы 24 желтоқсан күні Алматыда өткізді. Ол алғашқы раундта оңтүістікафрикалық Нкулулеко Мхлонгоны (23-11-1, 18 КО) нокаутпен ұтты.
Талқылау

Қоғам белсендісі Алматы көшелеріне төселген брусчатканың жеке қолға сатылып жатқанын әшкереледі: Алайда әкімдік олардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтып отыр
Санжар Боқаевтың айтуынша, әкелінген брусчатка мүлде бүлінбеген, тіпті жаңа күйінде болған

"Қайыққа міну құны 15 мың, сайтта 5 мың теңге": Көлсай көлдерінде қызмет құны неге ресми бағадан жоғары
Министрлік Көлсайда көрсетілетін қызметтің бағаларын реттемейді екен