Саддам Хусейннен 7 ай бойы жауап алған бұрынғы ФБР агенті өз құпиясын ашты
Бұрынғы Ирак басшысы Саддам Хуссейнді тақтан құлатып, қолға түсіргеннен кейін АҚШ пен Ұлыбритания тергеушілері онымен сөйлесе алатын адам іздеді. Осылайша бұл міндетті ливандық Джордж Пироға тапсырған. Агент онымен 7 ай бойы тілдескен екен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұрынғы ФБР агенті өз ісіндегі толық мән-жайды CNN агенттігіне айтып берген. Сұхбатын ол басшылықтың Рождество қарсаңында хабарласып Саддам Хусейннен жауап аласың деп тапсырма бергенінен бастайды. Дәл сол сәтте ол бір орында қатып қалған. Тіпті ұзақ жылдар бойы әлемдік аренада аты шыққан адаммен тілдесу, жауап алу ерекше толқытады.
“Кейін бірден ес жиып, Саддам Хусейн туралы мәліметтер жинауға кірістім. Тіпті сол адам туралы кітаптар сатып алып, сөйлесу, жауап алу стратегиясын жасадым. Бірақ алғашқы кездескен 30 секунд ішінде-ақ ол мен туралы 2 мәліметті біліп үлгерді. Оған менің атым Джордж Пиро екенімді айтқан сәтте “Сен ливандықсың ба?” деп сұрады. Ата-анамның ливандықтар екенін айттым. Артынша “сен христиансың ба” деп екінші сұрағын қойды. Мен ол маңызды емесін түсіндірдім”, – дейді ол.
Кейін ливандықтардың оған көзқарасы оң екенін айтып, алда жақсы тіл табысатынына тоқталған. Осылайша Джордж Ирактың тақтан тайдырылған Президентімен кездесуге 7 ай уақыт жұмсайды. Алғаш қысқа кездесулер уақыт өте 7 сағатқа дейін созылған.
“Бастапқыда түрлі тақырыптарды қозғайтынбыз. Тарих, өнер, спорт, саясат. Бұл оны сөйлетудің амалы еді. Кейін жақсы тіл табысып, саяси аренадағы тағы бір жұртқа аты таныс Усама бен Ладен жайлы да әңгімелестік. Ол оны ұнатпайтынын айтты. 67 жасқа толған туған күнінде анамның пісірген піспенаны мен шәй алып кірдім. Қатты толқыды және өз елі туған күнін тойламағанына қиналып, күйзеліске ұшырады”, – деп қорытындылады сөзін.
Джордж Пирло сұхбатында сондай-ақ Саддам Хуссейнмен әңгімелескен 7 айы туралы кітап жазып жатқанын, толық мәліметті сол жерден оқуға болатынын айтады. Әрі бұл еңбегіне ФБР-дің рұқсат бергеніне тоқталды.
Саддам Хуссейн 1979 – 2003 жылдар аралығында Ирак елінің президенті болды. Бірақ оны қандықол диктаторға теңеген АҚШ пен Ұлыбритания әскері арнайы операция ұйымдастырып, 2004 жылы туған жерінде қолға түсірді. 2006 жылы өлім жазасына кесті.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
