Сабырсыз келіншекке ашуланған мейрамхана қызметкері чекке оны қалай мазақ еткендерін жазып берген (фото)
Шотландия тұрғыны достарымен мейрамханаға барып ауқаттанамыз деп мазаққа қалған. Сабырсыз келіншекке ашуланған даяшы чекке “Артында жарасы бар әйел” деп жазып берген.
Анна Вардендер (Анна Вардендер) достарымен Эдинбург мейрамханасына барып, тасырыстарын 45 минут күткен. Тіпті ол аздай десерт алып келгенде даяршы мейрамхананы 15 минуттан кейін босатуларыңыз керек деген.
Бұл қылығына наразылық танытқаннан кейін, құны 23 фунт ( 12 мың теңге) тұратын үш шөлмек шарапты тегін берген. Есеп айырысар кезде мейрамхана қонағына даяшы шотпен бірге «Артында жарасы бар әйел» деген жазуды қоса әкелген. Келіншек күтпеген жағдайды желідегі парақшасында бөліседі. Мұны оқыған жұрт оған жұбату айтып, “екінші мәрте ол мейрамханаға аяқ баспау керек” деген сынды ойларымен бөліседі.
Бастапқыда мейрамхана өкілдері оқиға туралы түсініктеме беруден бас тартқан. Бірақ сейсенбіде Вардендерге астың құнын қайтарғанын тамақтану орнына ешқандай да реніші жоғын жазған.
Жіберіп алмаңыз:
Қызғаншақ жігіт өзге еркектермен сөйлескені үшін сүйіктісін көшеде тыржалаңаш жүргізіп қойды
Канадада ауыр дертке шалдыққан бала тек шабдалы ғана жейді
Ер адам болып туғанымен, әйел болып өмір сүріп жатқан 10 сұлу