Сабина Алтынбекованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды
Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың жұбайы кім екені белгілі болды. Спортшы продюсер Саят Салманұлына тұрмысқа шықты.
Сабина Алтынбекова бүгін тұрмысқа шыққанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ерлі-зайыптылардың үйлену тойындағы фотосуреттер пайда болған.
Бұған дейін Сабина Алтынбекованың өзі неке қию сәтіндегі суретін жариялады, бірақ сүйіктісінің аты-жөні мен келбетін жария еткен жоқ.
Сабина Алтынбекованың жұбайының аты-жөні Саят Салманұлы. Желідегі жанкүйерлері спортшының жолдасы көрікті жігіт екенін айтып, таңданысын білдірді.
"Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некелірін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!", - деді дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы екі жасты құттықтай отырып.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Сабина Алтынбекованың жолдасы 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келген. Саят Тостықбаев «Круиз» қазақстандық комедияның продюсерлерінің қатарында болғаны белгілі. Өткен жылы ол кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің спорттық киімдерінің тұсаукесері кезінде қонақтар қатарында болды.
Сабина Алтынбекова қазақстандық волейболшы. Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі. Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол бес жасынан бастап бимен айналысты. 14 жасында волейболға қызығушылық танытты. «Казхром» клубында команданың капитаны болды.
Сабинаға модель болуға бірнеше рет ұсыныс түскен, бірақ спортшы қыз бас тартты.