Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сабина Алтынбекова спорттық мансабын Қазақстанда жалғастырады

сабина

Фото: instagram.com/altynbekova_20

Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Қазақстанға оралып, "Астана" командасының ойыншысы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл ақпаратты 28 жастағы спортшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Спорттық мансабында Алтынбекова "Алматы" клубында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Жапония, Біріккен Араб Әмірліктерінде жанә Индонезиялық командалар сапында ойнаған. "Аль-Васл" клубы сапында Араб лигасының чемпионы атанған.

Еске салайық, Алтынбекова спорт сүйер қауымға 2015 жылы Тайбэйде өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында танылды. Ол кезде жанкүйерлер оның ойын өрнегіне қоса, сырт келбетіне де ерекше назар аударған еді.

Айта кетейік, Сабина 2020 жылы тұрмыс құрған еді, кейін ана атанды. Алайда 2025 жылдың басында ол өзінің ажырасқанын хабарлады. Жақында Алтынбекова спорттық мансабындағы қазақстандық жаттықтырушымен болған келеңсіздік жайлы айтқан еді.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 13:33
Талқылау