Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәби өмірге келгеннен кейін қандай діни жоралғылар жасалады

Нәресте қыз немесе ұл болған жағдайда шариғат бойынша не істеу керек? Мысалы қазақтар 40 куннен кейін шаш алады. Ал шариғатта бала дүниеге келсе 7 күннен кейін шашын алып, соның салмағындай күміс садақа ету керек деген дұрыс па?

Сәбиге жеті күн толғанда ақиқа құрбанын шалу – мұстахап. Осы күні құрбан шалғаннан кейін азан шақырып ат қойып, шашын алу және шашының салмағындай алтын немесе күмістен садақа беру – сүннет. Фатима анамыз дүниеге Хасанды әкелгенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Нәрестенің шашын ал және шашының салмағындай күмістен садақа бер», – деген. Ғұламалар алтынды күміске қияс (салыстыру) қылған. Ақиқа құрбанын сәби балиғат жасына толғанға дейін шалуға да рұқсат етілген, деп жазады muslim.kz.

Құрбан айтта құрбандыққа жарайтын малдар ақиқа құрбанына да жарайды. Яғни, шалынатын малдың екі көзі де көретін, тістерінің жартысынан көбі сау, мүйзінің бірі немесе екеуі бірдей түбінен сынбаған, құлағы мен құйрығының жартысынан көбі сау және көтерем дейтіндей арық емес болуы керек. Жаратылысынан құлағы мен құйрығы жоқ, сондай-ақ өз аяғымен жүре алмайтындай дәрежедегі ақсақ мал ақиқа құрбанына жарамсыз. Қыз балалар үшін де ақиқа құрбанын шалады. Ұл не қыз деп бөлежармай әрқайсысына бір қойдан шалса жеткілікті. Ал, «ұл баласына екі қой», «қыз баласына бір қой» сойғысы келгендердің бұл ниеттері де Алла Елшісінің сүннетіне теріс емес. Ақиқа құрбанын шалар кезде: «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар. Аллаһым, бұл сенің ризалығың үшін шалынған пәленшенің ақиқа құрбаны» – делінеді. 

Тағы да оқыңыз:

Шариғатта иттің құлағы мен құйрығын кесуге бола ма?

Біреу жамандаса, құлақ шыңылдайыны рас па?

Адамға өзгенің қанын құйса, сол адамның мінезі, жүрісіне дейін берілетіні рас па?

Талқылау