Сәби күтіп жүрген танымал бикештер (фото)
2017 – шоу-бизнесте “бэйби-бум” жылы болды. Қарақат Әбілдина, Айдана Меденова, Ақбота Сейітмағамбет, Жұлдыз Өмірғали, Баян Нұрмышева, Динара Қырықбаева сынды бірқатар танымал бикештер сәбилі болды. Әке атанған белгілі азаматтар да жетерлік. Бұл ретте Stan.kz назарларыңызға 2018 жылы сәби күтіп жүрген танымал бикештер тізімін ұсынады.
Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева үшінші перзентін күтіп жүр. Алайда ай-күні жақындағанына қарамастан, Бақаева декретке шығуға асығар емес. Айта кетейік, Салтанаттың Әмір және Әділ есімді қос ұлы бар.
Бүркіттің жары Аиша да үшінші баланың анасы атануға ниетті. Жастай әншіге тұрмысқа шыққан Аиша бүгінде Зейін мен Омар есімді қос ұлдың анасы.
40-тан асқан Сәкен Майғазиевтің жары Динара төртінші перзентін күтіп жүр. Динара Асылханқызының босанатын уақыты да белгілі. Майғазиевтер отбасы мамыражай мамырда тағы бір жанмен толықпақ.
Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей де ержүрек аналардың қатарында. Ол жасы 42-ге келгенде екінші рет ана атануға ниеттеніп отыр.
Әнші Динара Сұлтан жақында алтын алқа иегері атанса таңғалмаңыз. Меценат Ерлан Қожасбайға үш қыздан кейін бір ұл сыйлаған Динараның бүгінде аяғы ауыр. Жақында ол бесінші сәбиін дүниеге әкелмек.
Жіберіп алмаңыз:
Тележүргізуші Айгүл Мүкей екінші сәбиін күтіп жүр
Түсіпбаева өзін айыптаған Бағым Мұхитденоваға жауап берді
Азамат Сатыбалды жұбайымен бір сахнада жұмыс істеуден бас тартты
Жазушы Дидар Амантай Гүлбаршын Тергеубековамен некеде болғанын жоққа шығарды