Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сәби кімнен, әкемнен бе?": Жұлдыз Әбдікәрімова жүкті екенін айтқан кездегі балаларының реакциясын бөлісті

Жұлдыз актрисаФото: Видеодан скриншот

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жүкті екенін балаларына қалай айтқанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан Алау Нұртас анасының жүктілігіне қатты таңғалып, эмоциясын жасыра алмады. 

"Аяғыңыз ауыр ма? Шынымен бе? Кімнен? Әкемнен бе?", – деді Қайрат Нұртастың қызы.

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, қызының абдырап қалғанын айтты.

"Қызымның қобалжығаны сонша, абдырап, неше түрлі сұрақ қойды ғой. Бала тілі – бал", – деп жазды актриса.



Еске салайық, Қайрат Нұртас жаңа туған қызымен серуендеп жүрген видеосын жариялаған еді. Желі қолданушылары сүйікті әншісінің отбасымен бірге екенін көріп, жүрекжарды тілектерін жаудырды. 

“Қандай керемет көрініс”, “Халық осы сәтті көп күтті”, “Енді шешесі келсе, жақсы болар еді”, “Отбасыңның жанында болу – бір бақыт”, Жып-жылы сурет", "Қайрат қызымен бірге", “Қазақ еліне -1 проблема”, "Әр сәби жыламасын", "Уақыт тауып келді-ау", "Жүрегім орнына түсті", – деп жазды көпшілік.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 11:05
Талқылау