Сәби кезінен денесі өспей леген ішінде өмір сүрген 19 жастағы қыз көз жұмды (фото)
Нигерияда өспей қалған денесінің салдарынан леген ішінде өмір сүрген 19 жастағы мүгедек қыз Рахма Харуна көз жұмды.
Мүгедек қыз Кано қаласында тұрды. Ол кішігірім дүкен ашуды армандаған. Ол мүгедектігіне қармастан болашаққа үмітпен қарап, талпынып келді.
Алайда 27 желтоқсан күні жарық дүниемен қош айтысты.
Рахма өмірге сау болып келген. Анасының айтуынша, 6 айлығында оның денесі өсуін тоқтатады. Температурасы көтеріліп, іші қатты ауырады. Кейін денесі, аяқ-қолы ауырады. Ол бүкіл дене бойы ауырғандықтан қозғала алмай қалады.
Рахманың отбасы қызына бар жағдайды жасап, оны пластмассалық тазикке көтеріп жүрді.
Жіберіп алмаңыз:
Канада тауларында қалып қойған 20 жасар қазақстандық қардан үңгір қазып сонда түнеген
Ерлі-зайыптылар жүкті әйелдің ішін жарып сәбиін алып қоймақ болған (фото)
Әжесі немересін ақылды ету үшін экстрасенстерге 43 миллион теңге төлеген
Талқылау