"Сабағы не болады?!": 16 жасында тұрмыс құрған Абай Бегейдің қызы жүктілігін көрсетті
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат жүктілігін көрсетіп, елден сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, өнер иесінің қызы 16 жасында тұрмыс құрған еді.
“It’s a BOY! Жүрегіміз лүпілдеп, көптен күткен сәт келді. Құдай бізге бір кішкентай батырды сыйлағалы тұр. Қуанышымызда шек жоқ. Жанымыздың бір бөлшегі – енді кішкентай ханзада. Сені тағатсыздана күтіп жүрміз! Сені көрмесек те жақсы көреміз”, – деп жазды Сымбат.
-
"Ескі үйде тұра алмайды": Абай Бегейдің 16 жасында тұрмысқа шыққан қызы пәтер сатып алды
-
"Құны – 1 миллион 500 мың теңге": Абай Бегейдің қызы енесіне алтын сағат сыйлады
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдап жатса, енді бірі Сымбаттың әлі кішкентай екенін еске салды.
“Медицинада оқиды, енді сабағы не болады”, “Өзі бала әлі, бөпені қайтпек?!”, “Қазіргі жастарда ұят жоқ, іштерін көрсетіп суретке түсе береді”, “Аман-есен қол-аяғын бауырына алсын”, “Балапандарыңды аман-есен бауырларыңызға алыңыздар құтты болсын”, – деп жазды көпшілік.

“Енем басқа дінде болса да, мен үшін мешітке барды”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы өмірі туралы айтып берді
