Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота алғаш рет сүйіктісімен не себепті айырылсқаны жайлы айтты

Ақбота Сейітмағамбеттің Дәурен Айдарқұловпен ажырасқаны туралы жазбасы жұртты шулатқан болатын. Алайда әнші бұл жағдайға қатысты еш жабырқамай, шығармашылыққа белсене кірісіп кеткенін айтып жатыр.

21576731_215047329031223_3988270183973126144_n

Сурет: Ақбота Сейітмағамбеттің жеке парақшасынан

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Маңдайға жазғаны болар?! Әрине, өкініш жоқ. Қазір мені жақындарым мен туысқандарым қолдап жатыр. Аллаға шүкір, Ибраһим атты сәбиім бар. Бәрі ойдағыдай. Қазіргі таңда шығармашылыққа белсене кірісіп кеттім. Өзімнің актерлік шеберлігімді дамытып, телехикаяларға түсіп жатырмын. Бұйырса, отандық телеарналардың бірінде жаңа образда өзімді белсене көрсететін боламын”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Дәуренмен арадағы қарым-қатынасқа нүкте қойылғанымен, Ақбота қол қусырып отырған жоқ. Алайда жастайынан тағдырдың тауқыметін тартқан бикештің бар жұбанышы ұлы мен жақындары ғана. Ал Ақботамен арадағы орын алған отбасылық трагедияға қатысты Дәурен Айдарқұлов сұхбат беруден бас тартты.


Жіберіп алмаңыз:

Айгүл Иманбаева: Бұрынғы ата-енеме әлі күнге дейін “шымкентше” сәлем саламын

Үйленгенін жасырып келген танымал әнші әке атанды

KeshYou тобының құрамы тағы да өзгерді

Анджелина Джоли талғамсыз таңдалған көйлегімен жұртты шошытты (фото)

Талқылау