Сүйіктім шебер аспаз: Карина Абдуллина тағы да желіні шулатты
Жағармай бекетінен көріп, ұнатып қалған бейтаныс жігітті Карина Абдуллина ұзақ іздеді. Тіпті, көмек сұрап, желі оқырмандарына қолқа салды. Біраз уақыттан кейін Карина оны тапты, артынша көңіл жарастырды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бүгінде Каринадан асқан бақытты жан жоқ. Сүйіктісі жанында! Қалаған кезінде ұшаққа билет алып, жүрегін билеген азаматпен шетелге кетіп қалады.
Ғашықтар жапырақтар сарғайғанда жылы мекенге кетіп қалу үшін күз мезгілін тағатсыздана күтіп жүр.
“Қыста көктемнің, ал көктемде жаздың келуін күттік. Енді қоңырқай мезгілде көлге бару үшін күзді күтіп жүрміз”, – деп жазды әнші сүйіктісімен түскен суретінің тұсына.
Ал Каринаның бүгінгі жазбасы желі қолданушыларын тіптен есеңгіретті. Әнші сүйіктісінің іш киіммен түскен суретін жариялап:
“Ең мықты аспаздар – ер адамдар, еш күмәнсіз. Төсектегі таңғы ас”, – деп жазып қойды.
Жіберіп алмаңыз:
Серік Жанболат: Баян Мақсатқызы – мен үшін ғылым докторы
“Ауырмайды жүректің” авторы ең танымал әртістермен дүркіретіп той өткізді (видео)
Америкада жүрген Жанар Дұғалова атақты Николь Шерзингермен дуэт айта ма? (фото)
Мейрамбек Бесбаев «астарлы саясат» жүргізіп отырған «Гәкку» арнасының былығын әшкере қылды