Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйген қызын жүкті етіп, тастап кеткен қазақ жігіті оған үйленетін болды

Ақерке Жақсылықова 18 жасында аңдамай басып, сүйген жігіті Нұрболаттан бала көтерген. Алайда Нұрболат оның жүктілігіне қарамастан, теріс айналған. Кезінде сүйіктісінің сөзіне сенбей, баласынан бас тартқан жігіт Ақеркені “Қалаулым” жобасына іздеп келді, деп хабарлайды Stan.kz.

Сүйген қызын жүкті етіп, тастап кеткен қазақ жігіті оған үйленетін болды

Ақерке ештеңеге қарамастан, ұлын босанып, кейін “Аналар үйін” паналаған. Бұл туралы ол бағдарлама барысында айтып берді.

“Есімім – Ақерке, барлығы біледі. Жасым 19-да, өзімнің сүйген жігітімнен аяғым ауыр болып, 18 жасымда ұл босанып алдым. “Аналар үйінде” тұрып, жұмыс істеп, анамның қолдауымен ұлымды асырадым”, – дейді “Қалаулым” жобасының қатысушысы.

Жас болса да, талай қиындықты бастан кешкен ол жобаға теңін табу үшін келген. Мұны көрген Нұрболат қателігін мойындап, Ақеркеге ұсыныс жасау үшін ел алдына шықты.

“Есімім – Нұрболат Бектұрғанов. Жамбыл облысы, Құлан ауылының тумасымын. 1991 жылғымын, Ақеркемен Алматыда жұмыс істеп жүрген кезімде танысқанбыз.

Ол кезде музыкант болып жұмыс істейтінмін. Сезім пайда болып, Ақерке екеуміз 2 жылдай жүрдік. Сосын түсініспеушілік болып, екіге кеттік. Содан мен Астанаға жұмысқа кетіп қалдым. Сол жақта жұмыс істеп жүрген кезімде Ақерке хабарласып, жүкті екенін айтты”, – дейді Нұрболат.

Өз кезегінде Ақерке Нұрболаттан мұндай қадам күтпегенін айтып, жылап қалды. Оған қанша ренжісе де, көрген кезде сезімінің өшпегенін түсінді.

“Бір көргеннен әлі де сезім бар екенін түсіндім. Барлық реніш сол кезде жоқ болып кетті. Себебі іштей сезім лаулап тұр ғой”, – деп көз жасына ерік берді Ақерке.

Ал Аша Матай қазан айында Ақеркенің ұзату тойы болатынын айтып, көрермендерден сүйінші сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау