Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сізді өткізбейді": Роза Рымбаева өзгенің төлқұжатымен шекарадан өтпек болды

Қазақстанның эстрада әншісі, Роза Қуанышқызы өзгенің төлқұжатымен Әзірбайжанға ұшпақ болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесін Әзірбайжандық достары тойға шақырған екен. Алайда әнші жолдастарына берген уәдесінде тұра алмады. Роза Рымбаева Алматыдан Астанаға еш кедергісіз келген, алайда халықаралық әуежайда кеденшілерге ұсталып қалған.

“Шкафтың ішінде жатқан бір паспортты алып, сөмкеме салып, Астанаға ұшып кеттім. Астанада өнер көрсетіп, халықаралық әуежайына келіп Астана-Баку бағыты бойынша ұшпақ болдым. Тіркеу бөліміне келіп, төлқұжатымды берсем, өзіме қайтарып берді. Сөйтсем ұлым Мәдидің төлқұжатын алып кетіппін. Әуежайдағы қазақ бауырларымыз: “Апай, біз сізді жібереміз, бірақ Әзірбайжанға барғанда сізді мына төлқұжатпен өткізбейді” деді. Содан Алматыға қайттым”, – дейді өнер иесі басынан өткен жағдайды баяндап.

Роза Рымбаева тойға шақырған достарына алғысын білдіріп, уәдесінде тұра алмағаны үшін кешірім сұрады.

“Әзірбайжанға шақырған достарыма рахмет. Ренжіме, осындай түсініспеушілік болып қалды. Төлқұжатты ашып қарауым керек еді. Мен ашпай Мәдидің төлқұжатын алып кетіп қалыппын. Бұл жолы той менсіз өтті. Бірақ келесі тойымызға келесіз деді”, – дейді әнші. 

Талқылау