Сүйіктісіне хат жазып қалдырған: Оралда жоғалған қыз өлі табылды
Бойжеткен жоғалар алдында сүйіктісіне хат жазып өтініш айтқан, деп хабарлайды Мой город.
БҚО ІІД бірінші орынбасары Асылғали Меңдіғалиннің айтуынша, қыз 1 қыркүйекте жоғалды. Үш күн бойы іздестіріліп, бүгін Шаған өзенінен өлі күйінде табылды. Мәйітте қинау белгілері жоқ.
“Бойжеткен жоғалар алдында сүйіктісімен ренжісіп қалған. Кейін оған смс-хабарлама жазып, өзінің інісіне қарайлауды өтінеді. Өзінің алыс жаққа кететінін жазған”, – дейді Асылғали Меңдіғалин.
Оқиға орнында криминалистер жұмыс жүргізуде.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау