"Рұқсаттың қажеті жоқ": Министр адам ағзаларын алу туралы

Министр адам ағзаларын алу туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputniknews басылымына сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов адам ағзаларын алудың заң жүзінде қаншалықты дұрыс екенін түсіндіріп берді. Министрдің айтуынша әр адам тірі кезінде донор болғысы келмейтінін айтып, құжатпен бекітсе, онда оның ағзасы бөлшектенбейді. 

"Біздің заң бойынша әр азамат көзі тірісінде жазбаша түрде донор болудан бас тартса, онда органдарын алмайды. Басқа жағдайда егер жазбаша бас тартқаны туралы қағаз болмаса, ол адамның ағзаларын алуға заң жүзінде рұқсат етіледі", - деді Біртанов.

Ал ондай құжат болмаса, адам өмірден озғаннан кейін оның ағзаларын алуға дәрігерлердің құқысы бар. Сонымен қатар, туыстарының сотқа беріп, шағымдануына рұқсат етілмеген. Донор күтіп жүрген науқастардың шамадан көп болуына байланысты, адамның ағзасын алу осы жүйе бойынша жүргізіліп жатыр.

"Бірақ кейде туған-туыстар сотқа береді. Неге бізден рұқсат алмай, ағзаны аласыз деп шағымданады. Негізі, заң бойынша рұқсат алудың қажеті жоқ. Адам тірі кезінде қарсы екенін жазып кетуі керек. Мысалы, бүгінде цифровизация аясында емханаға тіркелгенде әр азаматқа донор болуға келісесіз бе, әлде бас тартасыз ба деп ұсыныс жасалады. Көп азаматтар келіседі. Біз осыны пайдаланып, басқа адамдардың өмірін сақтап жүрміз", - деп атап көрсетті Біртанов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр