"Қанша әйел алсам да өзім білемін": Рүстем Жүгінісов өзін сынағандарға жауап берді

Желіде танымал әнші Рүстем Жүгінісовтің жеке өміріне қатысты қауесет тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Threads желісінде Альбина есімді қолданушы “Рүстем Жүгінісовтің екінші тоқалының жазбалары” деп жазба жариялады. Сондай-ақ қолданушы Instagram парақшасынан скриншоттар қалдырған.
“Бірінші әйеліне обал болды. Бастапқыда қандай махаббатпен үйленіп еді, тоқал алады деп күтпеді ғой. Енді төртінші әйелін іздеп жүрген шығар”, – деп жазған ол.
Скриншоттардағы парақша иесі өзін әншінің екінші жары ретінде таныстырған. Ол жазылушыларының сұрақтарына жауап беріп, 23 жаста екенін, бүгінде “күйеуімен” тұратынын айтқан.
“Қазір кіммен тұрасыз?
– Күйеуіммен”
Алғашқы неке болса, неге бірінші әйел болуды таңдамадыңыз?
– Қараңыз, сіз бірінші болып шықсаңыз да басыңызда неше түрлі сынақ болуы мүмкін. 1-2 ай тұрып ажырасып кетуіңіз де мүмкін. Ешнәрсеге кепіл жоқ”, – деп жауап берген ол.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Тағы бір жауабында келіншек күйеуінің үш әйелі бар деп мәлімдеген.
“Қызғанбайсыз ба? Екі жылда үшіншісін ала қоймас?
– Алды ғой сол екі жылда. Әрине, қызғанамын, кез келген әйел қызғанады.
Үшінші әйел алды деп шын айтып отырсыз ба?
– Әрине, шын.
Үшінші әйелінің де бірінші некесі ме?
– Жоқ, балаларымен алды.
Үшінші некеге сізбен некелескеннен қанша уақыттан кейін тұрды?
– Тура екі жыл болуға 3 ай қалғанда.
Үшеуіңізді де тең көре ме? Қай жақта көп жүреді?
– Тең көру мүмкін емес қой. Ол нәрсе құранда да жазылған”, – деп жазған ол.

Осы жазбалардан кейін желі қолданушылары әнші Рүстем Жүгінісовті жаппай сынның астына алды.
“Дін деп екінші, үшінші әйел алу бұл сенім емес. Бұл нәпсі”, “Әлі де таңғаламын. Қандай керемет әнші еді. Өнер көрсетуі ерекше болды. Әртіс ретінде тамсанатын едім”, “Бұлай болып жатқаны өкінішті. Айжан үшін өкінішті. Сондай жақсы әрі сүйкімді қыз еді”, “Мұндай үшін қамау керек қой. Бұл деген заңбұзушылық емес пе? Елде көпәйелдікке тыйым салынған”, – деп жазды олар.
Әншінің жауабы
Осы тұста әнші Рүстемнің өзі де жеке өміріне қатысты қауесетке пікір білдірді.
“Әйелдерімді санамай, аңдымай, сөз қылмай жүріңіздерші. Қанша қатын алсам да өзім білемін”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Рүстем Жүгінісов шоқынамын деп сынның астында қалғаны хабарланған еді.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты