Руслан Желдібай Тоқаевтың баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Руслан Желдібай Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.
Бұған дейін бұл қызметті Берік Уәли атқарған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. "Болашақ" бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жылдары "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған.
2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.
2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
2020 жылы Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейні премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
