Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Шпекбаев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Руслан Шпекбаев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Шпекбаев Руслан Нұртөлеуұлы Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Қазақстан қарулы күштері бас штабының бастығы қызметін атқарған.

Руслан Нұртөлеуұлы 1989 жылы Алматы жоғары әскери командалық училищесін бітірген.

М.В.Фрунзе атындағы Одесса жоғары әскери артиллериялық командалық училищесінде оқыды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 18 Тамыз, 2020 11:18
Талқылау