Руслан Сейсембаев пен Асхат Төлеуов ҰҚК басшысының орынбасарлары болып тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде өзгерістер енгізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрғали Білісбеков ҰҚК басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Оның орнына Руслан Сейсембаев тағайындалды. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары және террорға қарсы қызмет бастығы лауазымын атқарады.
Асхат Төлеуов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы болып тағайындалды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн