Алматыдағы атыста қаза тапқандардың аналары Күлекбаевқа ату жазасын талап етуде
Бүгін Алматыдағы Тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы өтіп жатыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Р.Күлекбаевқа қатысты қылмыстық істі аталған сот судьясы Ерлан Болатов жүргізіп жатыр. Күлекбаев бірнеше қанқұйлы тонау және қарақшылық әрекеттерге қатысты болып отыр. Тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді.
Күлекбаевтың қолынан қаза тапқандардың аналары сотта сөз алды. Бақытгүл Жексембиева мен Айгүл Манағұловалар соттан басты кінәлі Күлекбаевқа өлім жазасын тағайындауды сұрауда.
“Айыпталушы ең ауыр жазаға, оның ішінде ату жазасына лайық. Оның да балалары бар. Ол да түсінуі керек баласын өлтіргеннің қалай боларын. Осындай қылмыскердің кесірінен біздің балаларымыздың болашағын көре алмадық”, – дейді қайтыс болғандардың анасы.
2016 жылдың 12 қазанында 61 томнан тұратын қылмыстық істің материалдарын зерттеу нәтижесі бойынша, сотқа Күлекбаев пен өзге де азаматтар жолданды. Р.Күлекбаевқа нәтижесі 8 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің және 2 бейбіт тұрғынның өліміне алып келген террористік акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр.
Нақтырақ айтқанда, айыпталушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 255-бабы 4-тармағы (лаңкестік акт), 99-бабы 2-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру), 24-бабының 3-тармағы (өлтіру үшін шабуыл жасау), 192-бап 4-тармақ (топ адамға қарақшылық шабуыл), 287-бап 4-тармақ (заңсыз қару тасымалдау), 288-бап 2-тармақ (қаруды заңсыз жасау), 291-бап 4-тармақ (қару ұрлау), 200-бап 4-тармақ (көлік ұрлау), 126-бап 2-тармақ (адамды заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Сондай-ақ Р.Күлекбаевпен бірге сотқа атыс қаруын заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүріп, дайындап, Р.Күлекбаевпен бірге М. атты кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл ұйымдастырған Р.Лю, Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов, Н.Әбдімомын да сотқа берілді.
Айыпталушы Н.Әбдімомынға рұқсатсыз қаладан кетуіне тыйым салынған. Р.Люға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 4-тармағы, 288-бабының 1-тармағы, 287-бабының 4-тармағына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ж. Сапарбековтің үстінен ҚР ҚК 192-бабы 4-тармағы; 287-бап 4-тармақ бойынша қылмыстық іс қозғалды. Е. Құсайыновқа қатысты ҚР ҚК 192-бабының 4-тармағы бойынша, Д. Әсембекұлына қатысты ҚР ҚК 192-бабының 4-тармағы, Н. Әбдімомынға қатысты ҚР ҚК 287-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін Руслан Күлекбаевтың көпшілікке беймәлім қырлары туралы да ақпарат жарияланған еді. Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.
Оқи отырыңыз:
Достары жас жұбайлардың неке түні қалай болғанын аңдып, таспаға жазып алған (видео +18)
Алған жарақатынан көз жұмған баскетболшының достары Бас прокуратураға онлайн-петиция жазды
Ақтауда екі бірдей үйдің балконынан жаймаларды байлап түскен ұры тұрғындарды аң-таң етті (фото)
Астанада полицейлер әйелді зорлап, өлтірді деген айыппен кінәсіз жанды түрмеге жапқан