Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Ысқақов Қазақстанның Даму банкінің басшысы болды

Руслан Ысқақов Қазақстанның Даму банкінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бәйтерек" ұлттық холдингінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ акционерінің шешімі бойынша Руслан Викторович Ысқақов 16 ақпаннан бастап "Қазақстанның Даму банкі" АҚ (ҚДБ) басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланған. 

Ол бұған дейін холдингтің еншілес ұйымы - "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-ны басқарған. 

"Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев ұжымға Қазақстан Даму Банкінің жаңа басшысын таныстырды.

"Руслан Викторовичтің қаржы ұйымдарында 18 жылдан аса жұмыс тәжірибесі бар, алты жыл бойы КаzakhExport-ты басқарды және бүгіннен бастап Қазақстанның Даму банкінің басшысы болып тағайындалды. Іс-әрекеттегі меритократия қағидаты туралы айтқым келіп отыр. Банк нарығында және біздің холдингте табысты жұмыс істеген адам енді ең жоғары позициялардың біріне жетті. Оны қолдап, бірге табысты жұмыс істейсіздер деп сенемін, - деді Шарлапаев ҚДБ ұжымына арнаған сөзінде.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 16 Ақпан, 2022 16:15
Талқылау